🔹Сарканским районным судом области Жетісу в согласительном производстве рассмотрено уголовное дело в отношении директора школы по факту присвоение и растраты вверенных средств, будучи лицом уполномоченным на выполнение государственных функций с использованием своего служебного положения (ст. 189 ч. 3 п. 2) УК).
🔹Судом установлено следующее: Будучи директором школы Б., задалась преступным умыслом, направленным на хищение имущества школы.
🔹Для реализации задуманного с 1 марта 2024 года Б. приказом директора назначила Р. на должность библиотекаря и менеджера КГУ.
🔹Ежемесячно с марта по июнь 202 года Р. перечисляла заработную плату менеджера в размере 40 000 тенге, на банковский счет её снохи Б. Полученные денежные средства Б. использовала по своему усмотрению.
🔹Государству причинен материальный ущерба на сумму 190 000 тенге. В ходе рассмотрения дела, между прокурором района и подсудимой, с согласия представителя потерпевшего, в порядке статьи 616 УПК заключено процессуальное соглашение в форме сделки о признании вины.
🔹Подсудимая, защитник и представитель потерпевшего согласились с предложенным прокурором видом и размером наказания подсудимой в виде штрафа десятикратного размера похищенного имущества в сумме 1 900 000 тенге, с назначением дополнительного наказания.
🔹Какое наказание назначил суд: Суд, принимая во внимание вид и размер наказания, предложенное прокурором перед судом в процессуальном соглашении, учитывая личность подсудимой, возмещение причиненного ущерба, мнение представителя потерпевшего по мере наказания, признал Б. виновной в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного пунктом 2) части 3 статьи 189 УК и назначил ей по данной статье наказание в виде штрафа в размере 1 900 000 тенге, с пожизненным лишением права занимать должности на государственной службе.
🔹Жетісу облысы Сарқан аудандық соты келісу өндірісі тәртібінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға болып табылатын мектеп директорына сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша (ҚК 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағы) қылмыстық істі қарады.
🔹Сот анықтағандай: Б., мектеп директоры бола тұра, мектеп мүлкін жымқыруға бағытталған қылмыстық ойға келген.
🔹2024 жылы 1 наурыздан бастап Б. ның бұйрығымен Р.-ды кітапханашы және мемлекеттік мекеменің менеджері лауазымына тағайындаған.
🔹Наурыз айынан маусым айына дейін Р. менеджер лауазымы үшін еңбекақы ретінде алған 40 000 теңгені Б.-ның келінінің банктік шотына аударып отырған. Ал бұл қаражатты Б. өз қажетіне жұмсаған.
🔹Мемлекетке 190 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген. Істі қарау барысында аудан прокуроры мен айыпталушы арасында, жәбірленуші өкілінің келісімімен, ҚР ҚПК 616-бабы тәртібінде кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды.
🔹Айыпталушы, қорғаушы және жәбірленуші өкілі прокурор ұсынған жаза түрі мен көлеміне келісіп, айыпталушыға ұрланған мүлік құнының он есе мөлшерінде 1 900 000 теңге көлемінде айыппұл салу және қосымша жаза тағайындау туралы шешім қабылданды.
🔹Сот қандай жаза тағайындады: Сот прокурор ұсынған жаза түрі мен көлемін, айыпталушының жеке басын, келтірілген залалдың өтелгенін, жәбірленуші өкілінің жазаның мөлшеріне қатысты пікірін ескере отырып, Б.-ны ҚК 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 1 900 000 теңге көлемінде айыппұл салу және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады.
🔹Талдыкорганским городским судом рассмотрено уголовное по факту неисполнение родителем обязанностей по уплате алиментов (статья 139 УК).
🔹Решением суда от 2021 года гражданин Г. был обязан выплачивать алименты на содержание двух несовершеннолетних детей в пользу бывшей супруги.
🔹В 2022 году за неисполнение обязательств по уплате алиментов Талдыкорганским специализированным межрайонным судом по административным правонарушениям области Жетісу по части 1 статьи 669 КоАП РК гражданину Г. назначено наказание в виде административного ареста сроком на 3 суток.
🔹Повторное неисполнение обязанности по уплате алиментов умышленно, более 3 месяцев, привело к образованию задолженности свыше 5,5 млн. тг.
🔹Санкция статьи 139 УК РК предусматривает наказание в виде привлечения к общественным работам на срок до 600 часов либо ограничением свободы на срок до 2 лет, либо лишением свободы на тот же срок.
🔹Вина подсудимого полностью подтверждается материалами уголовного дела, включая: исполнительный лист, выданный на основании решения суда, материалы исполнительного производства, возбужденного частным судебным исполнителем, а также постановление о расчете задолженности по алиментам и другие документы, представленные в рамках дела.
🔹Приговором суда гражданин Г. признан виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного статьей 139 Уголовного Кодекса Республики Казахстан, и ему назначено наказание в виде ограничения свободы сроком на 1 год.
🔹Талдықорған қалалық соты алимент төлеу міндетін орындамағаны бойынша (ҚР ҚК 139-бабы) ата-анаға қатысты қылмыстық істі қарады.
🔹2021 жылғы сот шешімімен азамат Г. бұрынғы жұбайының пайдасына екі кәмелетке толмаған баланы асырау үшін алимент төлеуге міндеттелген болатын.
🔹2022 жылы алимент төлеу міндетін орындамағаны үшін Талдықорған қаласының Жетісу облысының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотымен азамат Г.-ға ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігі бойынша 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
🔹Алимент төлеу міндетін әдейі үш айдан астам уақыт бойы орындамауы 5,5 млн теңгеден астам қарыздың пайда болуына әкеліп соқты.
🔹ҚР ҚК 139-бабында санкция ретінде 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 2 жылға дейін бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
🔹Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Оған мыналар кіреді: сот шешімі негізінде берілген атқару парағы, жеке сот орындаушысы қозғаған атқару өндірісі материалдары, алимент бойынша қарызды есептеу туралы қаулы және іс шеңберінде ұсынылған басқа да құжаттар.
🔹Сот үкімімен азамат Г. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
⚜️Расширение сферы применения государственного языка в судебной системе
🔹В Талдыкорганском городском суде области Жетісу состоялся семинар на тему «Расширение сферы применения государственного языка в судах». Мероприятие объединило представителей различных государственных и общественных структур: правоохранительных органов, прокуратуры, акимата города Талдыкорган, областного департамента юстиции, коллегии адвокатов, государственных и частных судебных исполнителей, палаты юридических консультаций, а также филиалов банков второго уровня.
🔹С докладами о значимости использования государственного языка в судебной системе и текущем состоянии этой практики выступили судьи Талдыкорганского городского суда Әлібек Әбдіхаев и Нұрсұлтан Абдикадыров. В их выступлениях были освещены ключевые аспекты внедрения государственного языка в судебные процессы, а также подчеркнута его роль в укреплении правовой культуры общества.
🔹Особое внимание на семинаре уделялось поиску эффективных решений для дальнейшего расширения использования государственного языка в судах. Было отмечено, что развитие этой сферы является неотъемлемой частью повышения эффективности правовой системы, обеспечения доступности юридической помощи на государственном языке для граждан и успешной реализации государственной языковой политики.
🔹В завершение участники семинара обменялись мнениями и подчеркнули важность комплексного подхода к повышению статуса государственного языка в деятельности государственных органов. Также была выражена необходимость принятия дополнительных мер, направленных на углубление его применения в судебной практике и правоприменительной деятельности.
⚜️Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту
🔹Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотында «Соттардағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының, прокуратураның, Талдықорған қаласы әкімдігінің, облыстық әділет департаментінің, адвокаттар алқасының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, заңгерлік кеңес беру палатасының, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер филиалдарының өкілдері қатысты.
🔹Семинар барысында Талдықорған қалалық сотының судьялары Әлібек Әбдіхаев пен Нұрсұлтан Әбдіқадыров мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданыс аясын кеңейтудің маңызы мен қазіргі жағдайы туралы баяндама жасады. Олар мемлекеттік тілді сот процестерінде қолданудың негізгі аспектілерін атап өтіп, оның қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтудағы рөліне тоқталды.
🔹Іс-шара аясында соттарда мемлекеттік тілді қолдануды кеңейтудің тиімді жолдары талқыланды. Қатысушылар бұл мәселенің құқықтық жүйенің тиімділігіне, азаматтардың мемлекеттік тілде құқықтық көмек алу мүмкіндігіне, сондай-ақ мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға тікелей әсер ететінін атап өтті.
🔹Семинар қорытындысында қатысушылар пікір алмасып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны мемлекеттік органдардың қызметінде кеңінен қолдану бойынша кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сот тәжірибесінде және құқық қолдану қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын тереңдетуге бағытталған қосымша шараларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды.
⚜️Подведены итоги работы Филиала Союза судей области Жетісу за 2024 год
🔹В мероприятии приняли участие председатели коллеги и судьи областного суда, председатели и судьи районных судов, руководители и специалисты Департамента Судебной администрации, а также администраторы и сотрудники районных судов.
🔹На внеочередной конференции Филиала Союза судей области Жетісу были заслушаны отчет председателя Совета филиала Токбаева Д.К. о деятельности территориального подразделения за прошедший период и доклад исполняющего обязанности председателя комиссии по судейской этике области Жетісу Гапуова А.Х., а также проведено избрание новых членов комиссии взамен выбывших из её состава лиц.
🔹В течение 2024 года Филиал Союза судей области Жетісу провёл ряд мероприятий, направленных на укрепление профессионального взаимодействия, развитие судебной системы и поддержку культурных и общественных инициатив.
🔹В рамках своей деятельности были организованы совещания, торжественные мероприятия и конференции, посвящённые значимым датам и профессиональным событиям. Особое внимание уделено популяризации государственного языка, повышению правовой культуры и укреплению командного духа через интеллектуальные и спортивные состязания.
🔹Праздничные и официальные мероприятия стали площадкой для награждения судей и специалистов за их вклад в развитие судебной системы. Также обсуждались актуальные темы, связанные с цифровизацией, повышением профессионального уровня и укреплением доверия граждан к судам.
🔹Итоги года подчёркивают стремление Филиала к совершенствованию работы судебной системы, поддержанию высокого уровня профессионализма и развитию сплочённого, эффективного сообщества судей и специалистов.
⚜️Жетісу облысы судьялар одағы филиалының 2024 жылғы жұмысының қорытындысы
🔹Іс-шараға облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшылығы мен бөлім басшылары, сондай-ақ аудандық соттар әкімшілерінің басшылары қатысты.
🔹Жетісу облысы судьялар одағы филиалының кезектен тыс конференциясында филиал кеңесінің төрағасы Д.К.Тоқбаевтың өткен кезеңдегі аумақтық бөлімшенің қызметі туралы есебі және Жетісу облысы бойынша судья әдебі жөніндегі комиссия төрағасының міндетін атқарушы А.Х.Ғапуовтың баяндамасы тыңдалып, комиссия құрамынан шыққан тұлғалардың орнына жаңа мүшелер сайланды.
🔹2024 жыл ішінде Жетісу облысы судьялар одағы филиалы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, сот жүйесін дамытуға, мәдени және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.
🔹Өз қызметі аясында маңызды күндер мен кәсіби оқиғаларға арналған кеңестер, салтанатты жиындар және конференциялар ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілді насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру және зияткерлік пен спорттық жарыстар арқылы командалық рухты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
🔹Мерекелік және ресми іс-шаралар сот жүйесін дамытуға үлес қосқан судьялар мен мамандарды марапаттау алаңына айналды. Сондай-ақ, соттарды цифрландыру, кәсіби деңгейді арттыру және азаматтардың соттарға деген сенімін нығайту мәселелері талқыланды.
🔹Жыл қорытындысы филиалдың сот жүйесінің жұмысын жетілдіруге, кәсібиліктің жоғары деңгейін сақтауға және судьялар мен мамандардың біртұтас, тиімді қауымдастығын дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Дереккөз: Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі
🔹Состоялось совещание судейского корпуса области по итогам отправления правосудия в 2024 году.
🔹В работе совещания приняли участие председатели коллеги и судьи областного суда, председатели и судьи районных судов, руководители и специалисты Департамента Судебной администрации, а также администраторы и сотрудники районных судов.
🔹Открывая совещание председатель областного суда Ержан Кененбаев, отметил рост количества оконченных уголовных и гражданских дел на 15%, снижение количества административных дел на 26%, при этом относительно стабильное качество отправления правосудия по сравнению с 2023 годам.
🔹В своих выступлениях председатели судебных коллеги по гражданским делам Шошикбаев Б.К., уголовным делам Журханов А.Е., административным делам Абдильдин Е.А. отчитались о работе по своим направлениям обозначали недостатки и предложили пути их исправления.
🔹На совещании также заслушан отчёт руководителя Департамента Судебной администрации по области Жетісу Булата Джукенова о результатах работы за 2024 год и о планах на дальнейшее материально — техническое оснащение судов, организационное обеспечение судопроизводства со стороны Департамента.
🔹Подводя итоги, Ержан Кененбаев обозначил ключевые задачи на предстоящий год. Среди приоритетов — качественное отправление правосудия, обеспечение верховенства права, укрепление доверия граждан к судебной системе.
⚜Жетісу облысы соттарының жұмыс қорытындысы шығарылды.
🔹2024 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелері бойынша қорытынды кеңес өтті.
🔹Кеңеске облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшылығы мен бөлім басшылары, сондай-ақ аудандық соттар әкімшілерінің басшылары қатысты.
🔹Қорытынды кеңесті ашқан облыстық соттың төрағасы Ержан Кененбаев аяқталған қылмыстық және азаматтық істердің саны 15%-ға өскенін, әкімшілік істердің саны 26%-ға азайғанын, өткен 2023 жылмен салыстырғанда сот төрелігін жүзеге асыру сапасының салыстырмалы түрде жақсарғанын атап өтті.
🔹Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.Қ. Шошықбаев, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Е. Жұрханов, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.А. Абдильдин өз баяндамаларында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп беріп, кемшіліктерді атап көрсетіп, оларды түзету жолдарын ұсынды.
🔹Сонымен қатар, кеңесте Департамент басшысы Булат Джукенов 2024 жылғы жұмыс нәтижелері жөнінде есеп беріп, алдағы уақытта соттарды материалдық-техникалық жабдықтау, сот өндірісін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша жоспарларын баяндады.
🔹Кеңесті қорытындылай келе, Ержан Кененбаев алдағы жылға арналған негізгі міндеттерді атап өтті. Басты басымдықтар қатарында — сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту.
Дереккөз: Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі