View in Telegram
🔹Жетісу облысы Сарқан аудандық соты келісу өндірісі тәртібінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға болып табылатын мектеп директорына сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша (ҚК 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағы) қылмыстық істі қарады. 🔹Сот анықтағандай: Б., мектеп директоры бола тұра, мектеп мүлкін жымқыруға бағытталған қылмыстық ойға келген. 🔹2024 жылы 1 наурыздан бастап Б. ның бұйрығымен Р.-ды кітапханашы және мемлекеттік мекеменің менеджері лауазымына тағайындаған. 🔹Наурыз айынан маусым айына дейін Р. менеджер лауазымы үшін еңбекақы ретінде алған 40 000 теңгені Б.-ның келінінің банктік шотына аударып отырған. Ал бұл қаражатты Б. өз қажетіне жұмсаған. 🔹Мемлекетке 190 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген. Істі қарау барысында аудан прокуроры мен айыпталушы арасында, жәбірленуші өкілінің келісімімен, ҚР ҚПК 616-бабы тәртібінде кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім жасалды. 🔹Айыпталушы, қорғаушы және жәбірленуші өкілі прокурор ұсынған жаза түрі мен көлеміне келісіп, айыпталушыға ұрланған мүлік құнының он есе мөлшерінде 1 900 000 теңге көлемінде айыппұл салу және қосымша жаза тағайындау туралы шешім қабылданды. 🔹Сот қандай жаза тағайындады: Сот прокурор ұсынған жаза түрі мен көлемін, айыпталушының жеке басын, келтірілген залалдың өтелгенін, жәбірленуші өкілінің жазаның мөлшеріне қатысты пікірін ескере отырып, Б.-ны ҚК 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 1 900 000 теңге көлемінде айыппұл салу және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сарқан аудандық соты, Жетісу облысы
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily