⚜️Жетісу облысы судьялар одағы филиалының 2024 жылғы жұмысының қорытындысы
🔹Іс-шараға облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшылығы мен бөлім басшылары, сондай-ақ аудандық соттар әкімшілерінің басшылары қатысты.
🔹Жетісу облысы судьялар одағы филиалының кезектен тыс конференциясында филиал кеңесінің төрағасы Д.К.Тоқбаевтың өткен кезеңдегі аумақтық бөлімшенің қызметі туралы есебі және Жетісу облысы бойынша судья әдебі жөніндегі комиссия төрағасының міндетін атқарушы А.Х.Ғапуовтың баяндамасы тыңдалып, комиссия құрамынан шыққан тұлғалардың орнына жаңа мүшелер сайланды.
🔹2024 жыл ішінде Жетісу облысы судьялар одағы филиалы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, сот жүйесін дамытуға, мәдени және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.
🔹Өз қызметі аясында маңызды күндер мен кәсіби оқиғаларға арналған кеңестер, салтанатты жиындар және конференциялар ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілді насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру және зияткерлік пен спорттық жарыстар арқылы командалық рухты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
🔹Мерекелік және ресми іс-шаралар сот жүйесін дамытуға үлес қосқан судьялар мен мамандарды марапаттау алаңына айналды. Сондай-ақ, соттарды цифрландыру, кәсіби деңгейді арттыру және азаматтардың соттарға деген сенімін нығайту мәселелері талқыланды.
🔹Жыл қорытындысы филиалдың сот жүйесінің жұмысын жетілдіруге, кәсібиліктің жоғары деңгейін сақтауға және судьялар мен мамандардың біртұтас, тиімді қауымдастығын дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Дереккөз: Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі