View in Telegram
⚜️Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту 🔹Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотында «Соттардағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының, прокуратураның, Талдықорған қаласы әкімдігінің, облыстық әділет департаментінің, адвокаттар алқасының, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, заңгерлік кеңес беру палатасының, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер филиалдарының өкілдері қатысты. 🔹Семинар барысында Талдықорған қалалық сотының судьялары Әлібек Әбдіхаев пен Нұрсұлтан Әбдіқадыров мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданыс аясын кеңейтудің маңызы мен қазіргі жағдайы туралы баяндама жасады. Олар мемлекеттік тілді сот процестерінде қолданудың негізгі аспектілерін атап өтіп, оның қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтудағы рөліне тоқталды. 🔹Іс-шара аясында соттарда мемлекеттік тілді қолдануды кеңейтудің тиімді жолдары талқыланды. Қатысушылар бұл мәселенің құқықтық жүйенің тиімділігіне, азаматтардың мемлекеттік тілде құқықтық көмек алу мүмкіндігіне, сондай-ақ мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға тікелей әсер ететінін атап өтті. 🔹Семинар қорытындысында қатысушылар пікір алмасып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оны мемлекеттік органдардың қызметінде кеңінен қолдану бойынша кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сот тәжірибесінде және құқық қолдану қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын тереңдетуге бағытталған қосымша шараларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды. Дереккөз: Талдыкорганский городской суд
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily