⚜Жетісу облысы соттарының жұмыс қорытындысы шығарылды.
🔹2024 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру нәтижелері бойынша қорытынды кеңес өтті.
🔹Кеңеске облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшылығы мен бөлім басшылары, сондай-ақ аудандық соттар әкімшілерінің басшылары қатысты.
🔹Қорытынды кеңесті ашқан облыстық соттың төрағасы Ержан Кененбаев аяқталған қылмыстық және азаматтық істердің саны 15%-ға өскенін, әкімшілік істердің саны 26%-ға азайғанын, өткен 2023 жылмен салыстырғанда сот төрелігін жүзеге асыру сапасының салыстырмалы түрде жақсарғанын атап өтті.
🔹Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.Қ. Шошықбаев, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Е. Жұрханов, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.А. Абдильдин өз баяндамаларында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп беріп, кемшіліктерді атап көрсетіп, оларды түзету жолдарын ұсынды.
🔹Сонымен қатар, кеңесте Департамент басшысы Булат Джукенов 2024 жылғы жұмыс нәтижелері жөнінде есеп беріп, алдағы уақытта соттарды материалдық-техникалық жабдықтау, сот өндірісін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша жоспарларын баяндады.
🔹Кеңесті қорытындылай келе, Ержан Кененбаев алдағы жылға арналған негізгі міндеттерді атап өтті. Басты басымдықтар қатарында — сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту.
Дереккөз: Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі