Автосалондарда қалай тиімді төлем жасауға болады? (автокөлік сатып алу, қосымша жабдықтар төлемі, техникалық тексеру және т.б.)
1-нұсқа: төлем сомасына байланысты кешбэк алу үшін бірнеше карта пайдалануға болады (кассадан төлемді POS терминал арқылы бөліп беруін сұрау керек). Егер бұл шектеулер жеткіліксіз болса, қосымша карта ашуға болады, мысалы, жұбайыңыздың атына.
•
Автокарта — Apple, Google немесе Samsung Pay арқылы төлем жасасаңыз, 6% бонус беріледі (айлық лимит – 30 000Б). Яғни, егер 500 000₸ төлем жасасаңыз, айлық максимумды алып үлгересіз.
Картаға шолу.
•
Home Card — картада күнделікті 100 000₸ қалса, 3% кешбэк береді. Айына кешбэк лимиті 15 000₸ (500 000₸ төлесеңіз, лимит таусылып қалады). Бірақ бір адамға 1 виртуалды және 3 пластик карта ашуға болады және олардың әрқайсысының өз лимиті болады (бірақ әр картада 100 000₸-ден жоғары сома болуы керек). Сондай-ақ 5% кешбэк алуға да болады, ол үшін
шолуды қараңыз.
• Bereke Bank ұсынатын
ALL IN — POS-терминалдардағы төлемдер үшін 3% кешбэк береді, айлық шегі 15 000Б. Бірақ 1 сәуірден бастап аталмыш бонусты алу үшін банкте 100 000₸ басталатын депозит болу керек (қазір 3% барлығына беріледі). Сондай-ақ қосымшада B-Bonus-ты іске қосу қажет.
• Егер осы лимиттердің барлығы жеткіліксіз болса, қалған соманы
Halyk картасымен (олардың POS терминалында QR, карта немесе смартфон арқылы) немесе ЦентрКредит Банкі ұсынатын
#картакарта арқылы (кез келген POS терминалында) төлеуге болады. Бұл карталар 1% кешбэк береді, айлық шегі 20 000Б.
2-нұсқа (егер толық сома болса): қазір көптеген автосалондар автокөліктің белгілі бір үлгілері үшін алғашқы 1, 2 немесе 3 жылда несие бойынша 0,12% мөлшерлеме ұсынады (егер мерзімі одан ұзақ болса, онда мөлшерлеме 20% немесе одан да жоғарылайды). Менеджерлер мұны бөліп төлеудің бір түрі дейді. Егер тек бастапқы соманы төлеп, қалғанын депозитке салып қойсаңыз, бұл әдіс кешбэктен де тиімді болмақ (несие төлемдерін депозиттен алып отырасыз). Біздің оқырманымыз осы әдіспен Kia Ceed көлігіне 11,1 млн ₸ орнына 9 млн ₸ төлеген.
Толығырақ.
3-нұсқа: егер қолма-қол ақшаға сатып алуға дайын болсаңыз (картадағы қаражат емес, кәдімгі қолма-қол ақша), онда менеджерден немесе әкімшіден жеңілдік сұрауға болады. Кейде олар көліктің құнын 5-10% төмендетуге дайын. Әсіресе, егер модель жақында жаңа корпуста (шанақта, кузовта) сатылатын болса. Оқырманымыз осылай 2023 жылғы Hyundai Santa Fe көлігін 17,5 млн ₸ орнына 16 млн ₸ сатып алды.
https://t.center/tiimdiqazaqstan