View in Telegram
Еуразиялық банктің автокартасы деген не? (жазба 04.04.2024 жаңартылды) Бұл біздің Қазақстанның ең тиімді карталарына жасаған шолулар топтамамыздағы соңғы жазба. Біздің чатта қызу пікірталас пен көп сұрақ тудырған да дәл осы карта болғанын айта кету керек. Себебі, бір жағынан, бұл картаның басқаларда жоқ бірқатар артықшылықтары бар, ал екінші жағынан, нақты ақпарат пен түсіндіруді қажет ететін тұстары да жетерлік. Біз оны тәжірибеден өткізіп, өз мысалымызда карта жайлы білу керек барлық ақпаратты анықтап, шолу жариялап отырмыз. Аталмыш картада автоматты түрде іске қосылатын жоғарылатылған кешбэктің екі санаты бар: «Авто» — 4% және «Ойын-сауық» — 30%. Бұл бонустарға Apple / Samsung / Google Pay арқылы байланыссыз төлем кезінде 2% кешбэк қосылады (сәйкесінше 6% және 32% ). Сонымен, негізгі артықшылықтары: • Жанармай құю бекеттерінде, автосалондар мен техникалық қызмет көрсету орындарында байланыссыз төлем кезінде үнемі 6% кешбэк беріледі (қазіргі таңда бұдан жоғарғы кешбэк жоқ). • Ойын-сауық бойынша да Еуразиялық банктен басқа ешбір банк 30% бонус бермейді. Кешбэк көптеген кинотеатрларда, галереяларда, театрларда, аттракциондарда, боулингте, видеоойын клубтарында, цирктерде, хайуанаттар бағында және т.б. ойын-сауық орталықтарында қолжетімді. Мысалы, аталмыш кешбэк ticketon.kz, kino.kz, kinopark.kz, afisha.yandex.kz, plus.yandex.kz сайттарында қолжетімді. • Smartbank қосымшасында тіркелу мен карта арқылы бірінші төлем кезінде 500 бонус беріледі. Сондай-ақ «Авто» санатындағы серіктестерден қосымша бонустар мен жеңілдіктер бар. Қалалар бойынша тізім сілтемеде. Қызмет көрсетуі: бірінші жылы тегін. Екінші жылдан бастап айына 50 000₸ транзакция жасасаңыз, пайдалану тегін болады (егер төлемдер сомасы аз болса, онда қызмет құны айына 300₸). Сонымен қатар екінші айдан бастап SMS-хабарлама үшін комиссия құны айына 150₸, бірақ бұл қызметті өшіріп тастауға болады. Виртуалды карта мен пластик картаның қызмет көрсету шарттары бірдей. Бонус шарттары: айлық лимит көлемі — 30 000Б. Бір транзакция үшін шектеу жоқ. Кешбэк төлем жасалған күннен бастап шамамен 3 күн ішінде есептеледі («Ойын-сауық» санаты үшін — төлем жасалғаннан кейін 10 күн ішінде). Бонустар есептелгеннен кейін бір жылдан кейін жойылады. Бонустарды «Төлемдер» бөлімінде немесе қосымшадағы «Бонустарды жұмсау» батырмасын қосу кезінде картадан сауда жасауға пайдалануға болады. Жазба тым үлкен болмас үшін, картаның жоғарыда атап өткен тұстары жайлы ақпаратты мына 👉 мақалаға топтастырдық. Егер аталмыш картаны ашуды шешсеңіз, міндетті түрде оқып шығыңыз ⭕️ Пайдалы сілтемелер: картаға тапсырыс беру| Авто санаты бойынша MCC-кодтар | «Ойын-сауық» санаты бойынша MCC- кодтар | «Ойын-сауық» санаты бойынша қайда 30% бонус беріледі?|картаны қалай комиссиясыз толтыруға болады? (1,2,4,5,10 әдістерді қараңыздар) | Қосымшаға бейнешолу сілтемеде | көптеген банк карталарын ыңғайлы пайдалану бойынша нұсқаулық. Аталмыш карта иелері 🔥 қалдыра кетіңіздер
Telegram Center
Telegram Center
Channel