View in Telegram
Сауда кезіндегі 5% тұрақты кешбэк (онлайн сауда кезінде де, шетелдегі сауда кезінде де). Home Card картасы дегеніміз не? (жазба 04.04.2024 жаңартылды) Home Credit Bank-тің тағы бір тиімді картасы бар — Home Card (Home Card Lite-пен шатастырып алмаңыз). Белгілі бір шарттарды орындау арқылы аталмыш карта бойынша кез-келген транзакция үшін 5% кешбэк алуға болады: 1% үнемі стандартты түрде түсіп отырады, егер сауда кезінде картада кемінде 100 000₸ қалатын болса + 2% және егер банкте 500 000₸-ден басталатын депозит немесе БДС болса +2% (3% кешбэк бірден есептелелі, ал 2% ай соңында). Картаның басқа артықшылықтары: • картаны шығару, қызмет көрсету мен жеткізу тегін; • айына 4 млн ₸ дейін комиссиясыз кез келген картаға аударым жасауға болады (күніне 1 млн ₸ дейін); • банк банкоматтарында немесе банк бөлімшелеріндегі касса арқылы күніне 1 млн ₸ дейін комиссиясыз шешіп алу (бір ай бойы күн сайын шешіп алсаңыз да болады). • шетел валютасындағы төлем кезінде тиімді айырбастау бағамы (кешбэк шетелде де есептеледі). • әлем бойынша банкоматтардан комиссиясыз 5 ретке дейін ақша шешуге болады (5 реттен асса, комиссия көлемі шешіп алынған соманың 2% құрайды). Кешбэк шарттары: Айына максималды сома — бір карта үшін 15 000₸. Бір адамға 3 картаға дейін шығарып, осылайша кешбэк түрінде 45 000₸ алуға болады. Пластик және виртуалды карталар Visa төлем жүйесінде шығарылады. Кешбэк бірден қосымшада картаға ақша түрінде түседі. Маңызды ақпарат: • депозит үшін жоғарылатылған кешбэк (+2%) тек қаражат толық күнтізбелік ай бойы (айдың 1 жұлдызынан 30/31-не дейін) депозитте жатқан жағдайда ғана есептеледі. • 45 000₸ кешбэк алғыңыз келсе, онда 500 000₸ бар бір депозит болса жеткілікті, бірақ сатып алу кезінде картада 100 000₸ қалу керектігін ұмытпаңыз. • 5%-ға дейін жоғарылатылған кешбэк қосымшадағы «Төлемдер» бөліміндегі сауда кезінде есептелмейді, ол кезде тек 1% кешбэк болады. Пайдалы сілтемелер: картаға тапсырыс беру | қалай комиссиясыз толтыруға болады? (3,4,7,10, 11, 12 әдістерді қараңыздар) | Қосымшаға бейнешолу сілтемеде | көптеген банк карталарын ыңғайлы пайдалану бойынша нұсқаулық. Аталмыш картасы бар оқырмандар болса, 🔥 қалдырып кетіңіздер
Telegram Center
Telegram Center
Channel