View in Telegram
Halyk банк ұсынатын Halyk Bonus картасына шолу (жазба 04.04.2024 жаңартылды) Карта нұсқалары: виртуалды / пластик Негізгі артықшылықтары: • Halyk QR бойынша техника дүкендерінде 10% бонус беретін, екі аптаға дейін созылатын науқандар жиі өтіп тұрады. • «Travel» бөлімінде әуе билеттеріне тұрақты түрде 0 • 0 • 6 бөліп төлеу • Картадан картаға халықаралық аударымдар үшін қолайлы тарифтер: бекітілген комиссия $2 • Мультивалюталылық: ₸, $, €. Сондай-ақ банк балаға мектепте өте жақсы баға алғаны үшін бонустар береді. Бұл туралы толығырақ сілтемеде. Бонустар 15 минут ішінде есептеледі (бонустарды есептеудің өзіндік шарттары бар науқандарды қоспағанда). Бонустарды қосымшадағы төлемдерге, Halyk терминалында кәдімгі пластик картамен төлеу кезінде жұмсауға болады (картадағы бонустарды жұмсағыңыз келетінін кассирге айту керек). Ай сайынғы бонустардың максималды саны: 30 000Б (10 000Б QR бойынша, 20 000 банк терминалдарындағы байланыссыз төлем үшін); белгілі бір науқандар үшін бонус шегі ұлғайтылуы мүмкін. 1 транзакция үшін бонустарға шектеу жоқ. Пластик картаны үйге дейін жеткізу арқылы тапсырыс беруге болады, банк бөлімшесінде ашуға болады, сондай-ақ Halyk қосымшасында POS-терминалдарда смартфон арқылы төлем жасау үшін байланыссыз төлем қызметтеріне қосылуға болатын виртуалды карта ашуға болады. Сосын онымен интернеттегі сауданы да төлеуге болады. Карта шарттары: картаны шығару тегін, картаңыз виртуалды болса, қызмет көрсетуі тегін, картаңыз пластик болса, бірінші жылы қызмет көрсету тегін, кейін айына 150₸. Білу пайдалы ақпарат: Halyk Market-те науқандар жиі өтіп тұрады, мысалы 0 • 0 • 24, түрлі жеңілдіктер, сыйлықтар, сондай-ақ Halyk Market-те промокодтарды пайдалануға болады (көбінесе 50 000₸-ден басталатын сауда кезінде 5 000₸ жеңілдік беретін промокодтар), сондай-ақ Halyk Market-те қолма-қол ақшаға немесе үш айға бөліп төлеуге алсаңыз, iPhone-дардың бағасы өті тиімді. Білу маңызды ақпарат: 1) дүкен кассасымен біріктірілген POS терминалдарда бонустармен төлем жасау қарастырылмаған. 2) Halyk QR бойынша 5% науқаны кезінде қосымшадағы төлемдерге берілетін бонустар жойылады (бұрын 1% болатын). 3) QR арқылы төлем кезінде бонустар тек Halyk POS терминалдарында беріледі. Комиссиясыз толтыру бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде (№1, 4, 10 әдістерді қараңыз)|Қосымшаға бейнешолу сілтемеде | Карталар бойынша әдістемеміз 👉 сілтемеде
Telegram Center
Telegram Center
Channel