POS терминал арқылы кез келген көлемді сауданы қалай тиімді төлеуге болады?
Егер сіз жөндеу жұмыстары, демалыс, тұрмыстық техника, автокөлік алу сияқты басқа да көлемді сауда жоспарлап жүрген болсаңыз, онда қазір төмендегі карталар арқылы төлем жасау тиімді болмақ:
Кез келген жерде:
•
Freedom Finance ұсынатын Deposit Card: Apple, Google, Samsung Pay арқылы сауда жасау кезінде 5% кешбэк береді. Кешбэк алу үшін Freedom валютасын іске қосу керек, осы валютамен картаға кешбэк есептелетін болады. Транзакция үшін лимит — 5000₸, айына — 50 000₸. Freedom валютасын қалай іске қосу керектігін
картаға шолудан оқуға болады.
•
RBK Signature: картада күнделікті 250 000₸-ден басталатын сома қалса, POS-терминалдар мен Интернеттегі барлық сауда кезінде 4% кешбэк есептеледі (Sarqyt қызметін қосу керек). Жоғарылатылған 4% кешбэк алу үшін картаңызға 250 000₸ салған соң ол картада кемінде бір күн жатуы керек. Кешбэктің айлық лимиті — 30 000 (айдың соңында бірден есептеледі). Карта қызметі айына 2000₸, бірақ карта арқылы айына 350 000₸ сауда жасасаңыз немесе 7 млн ₸ басталатын депозитіңіз болса, қызмет көрсету тегін.
•
Simply — смартфоннан байланыссыз төлем арқылы кез келген POS-терминалдармен төлем жасау кезінде 3% кешбэк беріледі, айына ең жоғарғы кешбэк көлемі 30 000 (сайттардағы сауда үшін — 1,5 % кешбэк). Бір транзакция үшін шектеулер жоқ.
Картаға шолу. Егер сізде Simply картасы Билайндағы «Суперсила» тарифімен болса, онда косымша +1% кешбэк алуға болады.
•
HomeCard — банк
шарттарын орындаған кезде 5% кешбэк беріледі
(шұғыл сатып алу үшін жарамсыз, себебі 1 ай бұрын дайындалу керек). Бір транзакция үшін шектеулер жоқ, бір айлық лимит 15 000, 3 карта ашып, нәтижесінде 45 000Б алуға болады.
Картаға шолу.
•
Bereke ALL IN: «B-Bonus+»
қосқан жағдайда және банкте 100 000₸-ден басталатын депозитіңіз болса, интернеттегі сауда үшін 3% кешбэк беріледі. Егер айлығыңызды аталмыш картаға алсаңыз, депозит болуы міндетті емес. Айлық лимит — 15 000, транзакция үшін шектеу жоқ.
Картаға шолу.
Жоғарыда аталған карталардың бәрі төлем жасауға болатын 99% жерде кешбэхк беруі керек. Алайда кейбір ерекше төлемдерді есепке алсақ: ЖОО, балабақшалар, көлік салондары мен т.б. болса, алдын ала банк менеджерлерінен анықтап алған жөн.
Сондай-ақ, егер сізде ЦентрКредит банкінің картакартасы болса, сол бойынша кешбэк санаттарын тексере аласыз (олар жекеленген). Мүмкін, осы айда сізде тұрмыстық техника мен электроникаға жоғарылатылған кешбэк болуы мүмкін (сайттағы төлем кезінде де, дүкендердегі сауда кезінде де қолжетімді).
Карта жайлы толығырақ.
- Турларды төлеу кезіндегі қосымша әдіс: Jusan Pay – «Саяхат» бонустық санаты қосылған жағдайда турагенттіктерде 5% кешбэк есептеледі. Бір транзакция үшін ең көбі 10 000Б. Айына – 35 000Б.
Картаға шолу.
- Кез-келген медициналық қызметті төлеу кезіндегі қосымша әдістер (стоматология, ақылы босану, көру қабілетін қалпына келтіру)
. Жазба
👉 сілтемеде.
- Автосалондарда төлем жасаудың қосымша әдістері (автокөлік сатып алу, қосымша жабдықтар төлемі, техникалық тексеру және т.б.) Жазба
👉 сілтемеде.
Егер сіздің көлемді саудаңыз POS терминал арқылы емес, онлайн болса, онда
мына жазбаны оқып шығыңыз.
Біздің кешбэк алу бойынша тегін нұсқаулығымыз 👉 сілтемеде.