Енді басты сұрақ, Freedom Bank-тың қай картасын ашу керек?
Таңдауға үш карта бар: Freedom (дебеттік), Freepay (кредиттік) және Deposit (депозиттік). Карталарды
ашу тегін, әрқайсысында кешбэк бар (Freepay-де несиелік лимиттен сатып алу кезінде кешбэк болмайды, тек өз ақшаңызбен сауда жасасаңыз ғана).
Бізге аталмыш карталардың ішінде ең ұнайтыны — Deposit Card. Неліктен? Себебі кешбэктен бөлек картадағы ақша қалдығына 0,1%-дан 14,3%-ға дейін ГЭСВ есептеледі. Дәл депозиттегідей. Яғни, сауда кезінде кешбэк аласыз, ал егер ай ішінде картада 100 000 теңгеден басталатын сома болса, қалған қаражатқа пайыз аласыз.
Сонымен қатар, бұл картаның басқа да артықшылықтары бар:
• Айына 2 000 000₸ дейін тегін шешіп алу мен аудару.
• Көп валюталық
• Интернеттегі сауда үшін 3% кешбэк
• Aviata қызметіндегі бірінші сауда кезінде 10% кешбэк (келесі сауда үшін 5%). Сақтандыруға 16%-ға дейін (алдыңғы жазбаны қараңыз).
Картаны қалай рәсімдейміз? Картаны
Freedom Superapp қосымшасына ашуға болады.
Кешбэкті қалай аламыз? Freedom SuperApp
қосымшасына тіркелу немесе кіру қажет → картаңызды басыңыз → Freedom валютасы. Кешбэк тікелей картаға холдинг акциясының бағамымен байланыстырылған Freedom валютасында есептеледі (алдыңғы жазбада айтылған).
Лайфхак: үш карта да Қытай дүкендерінің сайттарында жиі сауда жасайтындар үшін қолайлы: 3% кешбэк, сондай-ақ сауда алдында теңгені юаньға айырбастауға болады. Осылайша сіз транзакция өңделгеннен кейін валюта бағамының өзгеруінен қорғаласыз.
01.02.2023 күнгі № 1.2.108/43/250 ҚНРДА (АРРФР) лицензиясы
Комиссиясыз толтыру бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде (№ 1, 4, 5, 10 әдістерді қараңыз) | Біздің карталар бойынша нұсқаулық 👉 сілтемеде.