View in Telegram
Онлайн-сауда кезінде жоғарылатылған кешбэк алу үшін қандай карталармен төлем жасаған тиімдірек? (жазба 06.06.2024 жаңартылды) Бұл тізімге сайттарда, маркетплейстерде, қосымшаларда жасалған сауда, курс ақысын төлеу, түрлі платформаларға жазылым ақысы және т.б. кіреді. Егер төлем теңгеде жүргізілсе: Freedom Finance ұсынатын Deposit Card: интернеттегі сауда кезінде 3% кешбэк немесе Apple, Google, Samsung Pay арқылы ондайн сауда жасау кезінде 5% кешбэк береді. Кешбэк алу үшін Freedom валютасын іске қосу керек, осы валютамен картаға кешбэк есептелетін болады. Транзакция үшін лимит — 5000₸, айына — 50 000₸. Freedom валютасын қалай іске қосу керектігін картаға шолудан оқуға болады. RBK Signature: картада күнделікті 250 000₸ болса, POS-терминалдар мен интернеттегі барлық сауда кезінде 6% кешбэк беріледі (Sarqyt қызметін іске қосу керек). Жоғарылатылған 6% кешбэк іске қосылуы үшін картаңызға 250 000₸ салған соң, қаражат картада кемінде бір күн тұруы керек. Кешбэк бойынша айлық тимит — 40 000 (айдың соңында бірден есептеледі). Карта қызметі айына 2000₸, бірақ карта бойынша айлық сауда 350 000₸ болса немесе 7 миллион ₸ басталатын депозитіңіз болса, қызмет көрсетуі тегін. • HomeCard - банк шарттарын орындаған жағдайда, 5% беріледі (1 ай алдын ала дайындалу қажет болғандықтан, шұғыл сауда кезінде жарамайды). Бір транзакция үшін шек жоқ, айлық лимит - 15 000, 3 картаға дейін ашып, нәтижесінде 45 000 кешбэкке дейін алуға болады. Картаға шолу. Bereke ALL IN: «B-Bonus+» қосқан жағдайда, интернеттегі сауда үшін 3% кешбэк беріледі. Айлық лимит - 15 000, транзакция үшін шектеу жоқ. Картаға шолу. RBKRBK картасында күнделікті теңгерім 75 000₸-ден басталатын болса, POS-терминалдар мен интернеттегі барлық сауда үшін 3% кешбэк аласыз. 3% кешбэк есептелуі үшін картаңызға 75 000₸ салғаннан кейін кем дегенде бір күн өтуі керек. Біздің картаға жасаған шолуымыз 👉 сілтемеде. OGO — интернеттегі кез-келген сатып алу кезінде 2% кешбэк беріледі, алайда бір транзакция үшін шектік мөлшер — 500Б. Айлық лимит — 30 000Б. Бұл төлем әдісі 25 000₸ дейінгі сауда үшін тиімді. Картаға шолу. Simply — онлайн-сауда үшін 1,5% кешбэк береді (айына максимум 30 000Б). Бір транзакция үшін шектеу (лимит) жоқ, сондықтан қомақты сомаға сауда жасаған кезде өте тиімді. Егер сіздің Simply Билайндағы «Суперсила» тарифімен байланыстырылған болса, қосымша +1% кешбэк алуға болады. Картаға шолу. Jusan Pay — онлайн-төлем үшін барлық қолданушыларға 0,5% кешбэк беріледі, бірақ мына шарттарды орындаған жағдайда кешбэк көлемін 2%-ға дейін жоғарылатуға болады. Бір транзакция үшін шектеу көлемі — 10 000Б. Айлық шектеу — 35 000Б. Картаға шолу. #картакарта — онлайн-төлем жасаудың тағы бір әдісі: "барлық сауда (все покупки)" санатын таңдаған кезде 1% кешбэк беріледі, айлық максимумы — 20 000Б. Бір транзакция үшін шектеу жоқ. Картаға шолу. Егер төлем басқа валютада әрі шетелдік сайттардан болса, онда қосымшада алдын-ала валютаны айырбастау арқылы OGO немесе Jusan Pay арқылы төлеуге болады (кешбэк бойынша шарттары жоғарыда атап өтілгендей). картакарта арқылы да кешбэк алуға болады, бірақ карта мультивалюталық болмағандықтан, төлем тек теңгеде жүргізіледі. Жазылымдар бойынша ақпарат: Яндекс Плюс жазылымын автокарта арқылы төлеу кезінде 30% кешбэк беріледі.Сондай-ақ Jusan Pay-де Netflix, Kinopoisk, Яндекс Музыка, Megogo, ivi, Spotify, Яндекс Плюс жазылымдарына 15% кешбэк беретін «Онлайн кино мен музыка» және барлық мобильдік қосымшаларға, онлайн ойындар мен цифрлық дүкендерге, соның ішінде Steam платформасына да 10% кешбэк беретін «Ойын қызметтері» арнайы санаттары қолжетімді. P.s: жоғарыда көрсетілген ақпарат авиа және теміржол билеттерінің төлеміне қатысты емес. Бұл тақырыпта бөлек жазбалар бар: - Авиабилеттер. Оқу. - Теміржол билеттері. Оқу. Барлық банктерде кешбэк есептелмейтін ерекше жағдайлар бар, ол туралы картаны шығарған банктен анықтап білу керек. https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Channel