Ұмытпай тұрғанда қызық ойымды жазып кеткім келеді.
Ішкі конкуренция, немесе, неге сенің жақындарың сенің ойларыңды қабылдамайды, мән бермейді?
Отыз бір жасыма таяп қалдым, кішкене рефлексия жасағым келеді.
Өміріме ретроспективті түрде қарағанда, бір қызық затты байқадым. Көбінесе сенің қасыңда жүрген адамдар, немесе сенімен кішкентайынан өскен адамдар сені менсінбейді. Бірдеңе бастап шын ниетіңмен кеңес бергенде үстіңнен күлкі салуы да мүмкін. Ол бір заңдылық сияқты.
Ол неге байланысты деп ойлайсың? Иә әрине қазіргідей ол кезде имидж болған жоқ, мектеп оқушысы не студент кезің болуы мүмкін. Оның бәрі, “Мынау бала мені неге үйрете алады, боғынан танимын ғой”, деген ойдан шығар.
Дәл сол себепті көбісі блог бастап кете алмайды, өйткені туыс жора-жолдастарынан ұялады… олай емес демей-ақ қойыңдар, бұл құбылыс барлық тілде сипатталған.
Енді, “бізге де көрсетші, үйретші”, деп келгенде - уақыт жоқ. Ренжиді, түсінбейді. Тәккапар деп сырттан айтуы да мүмкін.
Сол үшін бір жақсы бизнес мүмкіндік пайда болғанда, мен туысқандарға, не достарға, не әріптестерге барып айтпаймын.
Өмірімнің ең маңызды сабағы: Бұл өмірде барлығы я да конкуренция, я да симбиоз. Симбиоз - өзара тиімді қарым-қатынас, әр дайым екі жаққа да тиімді болады. Конкуренция - ресурсқа, ықпалға, олжаға бәсеке. Осы жақтан қарағанда адамдардың мотивтері түсінікті болады.
Альтруизм және паразитизм.
Альтруизм - бір адамның басқа адамға пайда іздемей көмектесуі. Паразитизм - бір адамның басқа адамнан кез келген ресурсын алып, орнына ештеңе қайтармауы.
Альтруист немесе паразит болудан қашу керек. Паразиттерді анықтап олармен қарым-қатынасты доғарған дұрыс.
Ащы шындық.
#ойым@kozybayev