Қаржылық есеп:
#қс
2024 жылдың мамыр айында өзімнің шығындарыма 92.95% қайтарым алдым. Ол сәуірге қарағанда
🔼+87.09 п.п.
Оңай болу үшін пайыздық өайтарымды көрсетіп жатырмын:
• Бизнеске инвестиция: 0.3%
• Кэшбек: 0.11%
• Депозит: 1.04%
• Крипто: 85.68%
• Күтім жәрдемақысы: 3.52%
• Басқа инвестициялық кірістер: 2.25%
Осыдан алдынғы айдың көрсеткіштерін
мынау сілтемеден көруге болады.
P.S.
Сонымен анализ жасап шықтым өткен айды былай қорытындылап кете аламын: өткен айда шығын көп болды: ұлымның қырқынан шығару, әртүрлі қалаларға және елдерге билеттер, балалардың шығындары.
Дегенімен, қаржы жағынан өткен ай жақсы болды. Криптовалюталық инвестициямның жемісін көрдім. Мақсат орындалды.
Естеріңізге салып кетейін, мақсат - барлығы 3% айлық мөлшерге жету, ол мақсатымнан осы айда асып оздым.
Қазан: 1.87%
Қараша: 1.55%
Желтоқсан: 2.7%
Қаңтар: 2.17%
Ақпан :7.04%
Наурыз: 3.49%
Сәуір: 5.89%
Мамыр: 92.95%
Оның барлығы таза қаржылай табыс. Оның ішінде реализацияланбаған табыс жоқ [қалтама таза ақша ретінде түсті деген сөз].