Кемінде аптасына бір инвест-жоба түседі. Ең көбі ол саудагерлер, сосын қызмет көрсету секторы және өндірушілер.
Саудагерлерді қарастырғанда біріншіден қаржылық көрсеткішті қараймын, сосын тауарының кэш аутлэйына мән беремін. Сатып жатқан тауары тек бір каналға бағытталған болса [тек каспи], және бір данасы тым қымбат болса, мен қатты күмәнданамын. Ары қарай қаржылық структурасын да қазбаламаймын.
Қызмет көрсету секторында локация мен ақша тартып жатқан адамның бэкграундына қатты мән бөлемін. Өз ісінің шебері болса, жақсы локацияда бизнесін ұлғайтқысы келсе, ары қарай сөйлесуге болатынын түсінемін.
Өндірушілерге екі сұрақ қоямын: 1. Қазіргі базасы кредитта ма жоқ па? 2. Өндірген тауары қытайдан арзан ба жоқ па? Екі сұрақтың біріне жауап иә болса, ары қарай қарастырмаймын.
Көбінесе жобаларды өз күшіммен жабамын, инвестжобаларға салатын ақшам таусылғанда осында жазамын. Барлық жариялаған инвест-жобаларда менің капиталым болады. Талеб айтқандай өз сөзіме ақшаммен бәс тігемін. Аудиторияммен тең риск аламын.