View in Telegram
Қаржылық есеп: #қс 2024 жылдың шілде айында өзімнің шығындарыма 51.91% қайтарым алдым. Ол маусымға қарағанда +47.8 п.п. Осы жолы түсінікті болу үшін, әр категория қанша алып келгенін жазамын: • Бизнеске инвестиция: 17.32% • Кэшбек: 0.41%; • Депозит: 2.46% • Салық салынбайтын басқа табыстар: 31.72% Осыдан алдынғы айдың көрсеткіштерін мынау сілтемеден көруге болады. P.S. Сонымен анализ жасап шықтым өткен айды былай қорытындылап кете аламын: өткен айда салық салынбайтын басқа табыстардың үлесі зор болды (сыйлықтар сияқты табыстар) кэшбек өте аз шықты 0.5% ға дейін жетпеді, келесі жолы минимум 0.5% кэшбек батырмасын басамын. Ал бизнеске инвестицияның үлесі ұлғайып жатыр! Оны бір жыл ішінде 5 есе көтергім келеді. Дегенімен, қаржы жағынан өткен ай жақсы болды. Кіріс шығынға қарағанда әлде қайда көбірек болды, графикалық репрезентациясын сосын жіберемін. (Жақсылық пен зұлымдық графигі). Мақсатты өзгертем деп шештім, бұрын мақсат шығынға 3% қайтарымға жету болған болса, енді жаңа мақсат 100%. Демек ештеңе жасамай тек пассивті табыспен 100% айлық шығындарымды жабуға болатындай көрсеткішке жеткім келеді. Статистика 2023 жыл Қазан: 1.87% Қараша: 1.55% Желтоқсан: 2.7% 2024 жыл Қаңтар: 2.17% Ақпан :7.04% Наурыз: 3.49% Сәуір: 5.89% Мамыр: 92.95% Маусым: 4.11% Шілде: 51.91% Оның барлығы таза қаржылай табыс. Оның ішінде реализацияланбаған табыс жоқ [қалтама таза ақша ретінде түсті деген сөз].
Telegram Center
Telegram Center
Channel