Отбасы банктегі 7-9% мөлшерлеме ұсынатын жаңа ипотеканы талдау
1 мамырдан бастап жаңа «Наурыз» ипотекасы қолжетімді болмақ
(Отаумен шатастырып алмаңыздар). Бұл туралы бұрын
жазғанбыз, енді жаңа деректер жарияланды. Белгілі шарттары мынадай:
• Мөлшерлеме – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7%, қалғандарына — 9%
• Мерзімі — 19 жылға дейін
• Алғашқы жарна — 20%-дан бастап
Қосымша шарттар:
• Қатысушының соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек, сондай-ақ өзі және отбасы мүшелері, мысалы, жұбайы, балалары тұрғын үй бойынша қандай да бір келісім жасаспаған болуы керек.
• Отбасы банкінде 1 миллион ₸-ден басталатын кез келген мерзімдегі депозиті болуы керек, тіпті жаңа депозит болса да жарай береді (Отаудан айырмашылығы осы, онда депозит мерзімі 18 айдан басталуы қажет).
• Қорытынды тізім ұпайлар бойынша анықталады. Олар депозит бойынша сыйақы мөлшері, отбасының, балаларының болуы және т.б. шарттар бойынша есептеледі деген болжам бар.
Әзірге қандай ақпарат қол жетімді емес:
- Қайда өтініш беру керек (
Баспана маркет порталында болу ықтималдығы 99%)
- Несиенің максималды сомасы
- Қандай тұрғын үй сатып алуға болады (ірі қалаларда тек жаңа тұрғын үйлер, ал басқа елді мекендерде — жаңа, қолданыстағы немесе жеке тұрғын үй болатын шығар).
- Кім қатыса алатыныны жайлы
сілтемеде жазғанбыз (бірақ бұл әлі расталмаған ақпарат).
9% мөлшерлеме ұсынатын Отау бағдарламасы бойынша өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданатынын еске саламыз. Талдау
👉 мына жазбада.
https://t.center/tiimdiqazaqstan