Қазақ еліне +1 жеңілдікті ипотека
Krisha.kz Отбасы банкіне сілтеме жасай отырып, биылғы сәуірдің соңында - мамырдың басында жаңа ипотека іске қосылатынын
жазды. Әзірге нақты шарттары жоқ, бірақ қазір мынадай ақпарат белгілі:
• 7% — азаматтардың әлеуметтік осал топтарына (көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен т.б.) арналған мөлшерлеме.
• 9% — басқаларына арналған мөлшерлеме.
• Алматы мен Астанада несиенің максималды сомасы 30 млн теңгені құрайды. Қалған аймақтарда — 18 млн.
Алматы, Астана, Шымкент пен
облыс орталықтары санатындағы 17 қалада тек жаңа пәтер сатып алуға болады. Басқа барлық елді мекендерде кез келген тұрғын үй алуға болады: жаңа, қолданыстағы, тіпті жеке үйлерді де.
Кімдер қатыса алады:
- жұмыс істейтін жастар;
- жас отбасылар;
- тұрғын үй төлемін алушылар;
- Отбасы банк салымшылары;
- моноқалалар, аудан орталықтары, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің тұрғындары.
Бағдарламаға барлығы 300 млрд ₸ бөлінеді. Бірінші жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Ипотеканың қанша уақыт жалғасатыны әзірге белгісіз.
Әзірге басқа ақпарат жоқ | Дереккөз:
krisha.kz.
https://t.center/tiimdiqazaqstan