Смотреть в Telegram
Отбасы банктегі 7-9% мөлшерлеме ұсынатын жаңа ипотеканы талдау 1 мамырдан бастап жаңа «Наурыз» ипотекасы қолжетімді болмақ (Отаумен шатастырып алмаңыздар). Бұл туралы бұрын жазғанбыз, енді жаңа деректер жарияланды. Белгілі шарттары мынадай: • Мөлшерлеме – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7%, қалғандарына — 9% • Мерзімі — 19 жылға дейін • Алғашқы жарна — 20%-дан бастап Қосымша шарттар: • Қатысушының соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек, сондай-ақ өзі және отбасы мүшелері, мысалы, жұбайы, балалары тұрғын үй бойынша қандай да бір келісім жасаспаған болуы керек. • Отбасы банкінде 1 миллион ₸-ден басталатын кез келген мерзімдегі депозиті болуы керек, тіпті жаңа депозит болса да жарай береді (Отаудан айырмашылығы осы, онда депозит мерзімі 18 айдан басталуы қажет). • Қорытынды тізім ұпайлар бойынша анықталады. Олар депозит бойынша сыйақы мөлшері, отбасының, балаларының болуы және т.б. шарттар бойынша есептеледі деген болжам бар. Әзірге қандай ақпарат қол жетімді емес: - Қайда өтініш беру керек (Баспана маркет порталында болу ықтималдығы 99%) - Несиенің максималды сомасы - Қандай тұрғын үй сатып алуға болады (ірі қалаларда тек жаңа тұрғын үйлер, ал басқа елді мекендерде — жаңа, қолданыстағы немесе жеке тұрғын үй болатын шығар). - Кім қатыса алатыныны жайлы сілтемеде жазғанбыз (бірақ бұл әлі расталмаған ақпарат). 9% мөлшерлеме ұсынатын Отау бағдарламасы бойынша өтінімдер 30 сәуірге дейін қабылданатынын еске саламыз. Талдау 👉 мына жазбада. https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Канал