View in Telegram
Жоғарылатылған кешбэк беретін пластик карталар (жазба 04.04.2024 жаңартылды) 1. HomeCard: банк шарттарын орындаған жағдайда онлайн сауда мен POS-терминалдардағы төлем кезінде барлығына 5% бонус беріледі: 1% стандартты түрде, сауда кезінде картада 100 000₸ қалса +2%, банкте 500 000₸ басталатын депозит немесе БДС болған жағдайда +2% (3% бірден есептеледі, 2% айдың соңында), немесе1% шартсыз . Айлық лимит 15 000Б, транзакция кезінде лимит жоқ, үш пластик карта ашсаңыз, әрқайсысындағы лимит осындай болады. Қызмет көрсетуі мен картаны шығару тегін. Толығырақ. 2. HomeCard Lite: картаны ашқаннан кейін алғашқы 3 айда супермаркеттерде, азық-түлік дүкендерінде, жанармай құю бекеттері мен коммуналдық қызметтер бойынша төлемдер үшін 10% бонус аласыз (банк қосымшасында), үш айдан кейін осы аталған санаттар бойынша 5% бонус аласыз, негізгі бонус 1%. Ай сайын карта пайдаланушылары банктің әлеуметтік желілерінде картаның қызмет ету мерзіміне қарамастан 10% бонус беретін қосымша санатқа дауыс бере алады. Ай сайынғы лимит 20 000Б, транзакция бойынша лимит 1000Б. 3. RBK Prisma Gold: банк шарттары орындалған жағдайда барлығына 3% кешбэк: картада күнделікті 75 000₸-ден жоғары сома қалған жағдайда, барлық сауда үшін 3% кешбэк беріледі. 3% бонустар есептелу үшін картаға 75 000₸ салған соң ақша картада кем дегенде бір күн тұруы керек немесе шартсыз 0,5% бонус алуға болады. Ай сайынғы лимит 20 000₸, транзакция бойынша шектеу жоқ. Картаны пайдаланбас бұрын, оған кешбэк қосу керек, кешбэкке бір картаны ғана қосуға болады. Картаны шығару тегін, бірінші жылы қызмет көрсетуі тегін, кейін айына 150₸. 4. Bereke ALL IN: барлығына 3% бонус, «B-Bonus+» тегін бонустық бағдарламасына қосылған жағдайда және депозитте 100 000₸ басталатын қаражат болған жағдайда такси мен жанармай бекеттеріндегі төлемдер үшін 10% бонус беріледі. Айлық бонус лимиті — 15 000, транзакция кезінде лимит жоқ. Картаны шығару тегін, қызмет көрсетуі бірінші жылы тегін, ары қарай айына 150₸. 5. Halyk Bonus: техника дүкендерінде Halyk QR арқылы төлем жасау бойынша 10% бонус беретін науқандар тұрақты түрде өтіп тұрады, науқандарды банк сайтынан қараңыз. Ай сайынғы лимит 20 000Б, транзакция бойынша шектеу жоқ. Виртуалды картаны пайдалану тегін. Пластик карта тегін шығарылады, бірінші жылы қызмет көрсету тегін, кейін айына 150₸. 6. Картакарта: таңдауға 3 кешбэк санаты беріледі, соның ішінде "бәріне 1%" санаты бар. Картаны шығаруы мен қызмет көрсетуі тегін. Маңызды ақпарат: банктерде транзакциялар бойынша бонустар есептелмейтін шектеулер бар, мысалы казино төлемдері, банк қосымшасында жасалмаған коммуналдық қызмет төлемдері және т.б, толық ақпаратты картаны шығарушы банктен біле аласыздар.
Telegram Center
Telegram Center
Channel