Смотреть в Telegram
Қоғамдық көліктегі сапар үшін қалай ұлғайтылған кешбэк алуға болады? (жазба 04.04.2024 жаңартылды) 1-әдіс: OGO картасынан Onay қосымшасы арқылы Onay картасын 200₸ толтырсаңыз, сізге 150 бонус беріледі. Осылайша, күніне 300Б алуға болады. Қатысушы қалалар: Алматы, Қарағанды, Саран, Балқаш. Төлеу үшін қосымшаға кіріп, «Толтыру» батырмасын басыңыз. Маңызды ақпарат: алдымен картаны байланыстырып, сосын Onay картасын толтырыңыз. 2-әдіс: автобустарда карта қабылдайтын валидаторлар арқылы сапар ақысын OGO картасымен төлеген кезде 99,9% бонус есептеледі, науқан күніне екі рет қолжетімді. Науқанға қатысушы қалалар: Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Петропавл, Талдықорған, Рудный, Қаскелең, Есік, Қабанбай батыр, Талғар, Шелек. Науқан туралы толығырақ 👉 сілтемеде. OGO картасы туралы толығырақ 👉 сілтемеде. 3-әдіс: Avtobys қосымшасы арқылы сапар ақысын OGO картасымен төлеген кезде 99,9% бонус есептеледі, науқан күніне екі рет қолжетімді. Төлем кезінде қосымшада «басқа әдістер» дегенді таңдап, OGO картасымен төлеу керек. Науқанға қатысушы қалалар: Астана, Ақсай, Ақсу, Ақтөбе, Атырау, Аягөз, Бейнеу, Жезқазған, Қонаев, Орал, Павлодар, Семей, Ұзынағаш, Хромтау, Екібастұз. 4-әдіс (Алматы метросы): метродағы турникетте OGO картасымен төлем кезінде 99.9% бонус есептеледі. Науқан күніне екі рет төлем жасауға мүмкіндік береді. Науқан туралы толығырақ 👉 сілтемеде. OGO картасы бойынша толығырақ 👉 сілтемеде. 5-әдіс: Activ және Kcell қосымшаларында тұрақты бонустық бағдарлама бар – Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Петропавл, Ақтау, Атырау, Қостанай, Тараз және Түркістан қалаларында күнделікті екі рет қоғамдық көлікпен жүру ақысын төлеу кезінде 5% кешбэк беріледі. Толық ақпарат пен нұсқаулық 👉 сілтемеде. Кешбэк OGO бонустар түрінде беріледі, оны телефон теңгеріміне аударуға немесе қосымша арқылы басқа қызметтерді төлеуге жұмсауға болады. Маңызды ақпарат: қызметтерді төлемес бұрын, қосымшада бонустар бөлімі арқылы OGO бонустарын іске қосуды ұмытпаңыз. 6-әдіс: (Астанадағы автобустар): жол жүру ақысын кез келген карта немесе смартфонмен планшет-валидаторда байланыссыз төлем арқылы төлеуге болады (барлық автобустарда емес). Мысалы: шарттарды орындаған жағдайда HomeCard 5% кешбэк береді, Simply төлем үшін 3% бонус есептейді. 7-әдіс: егер сіз қоғамдық көлікті жиі пайдалансаңыз немесе автобустарды жиі ауыстыратын болсаңыз (пересадка), онда сапар саны шектеусіз жүру билетін алсаңыз болады. Әр қалада бағасы әртүрлі, мысалы Алматыда 7200₸, Астанада 7500₸, Қарағандыда 6000₸ тұрады. https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Канал