Activ/Kcell ұсынатын OGO картасына шолу (Jusan-мен бірге) (жазба 04.04.2024 жаңартылды)
Карта туралы не білу керек:
• кез келген сауда үшін, соның ішінде интернеттегі сауда үшін де 2% бонус беріледі (iHerb, Wildberries, Aliexpress, bilet.railways және т.б.), бірақ максимум 500Б. Яғни, картаны 25 000₸-ге дейінгі сауда кезінде қолданған дұрыс.
• Супермаркет, такси, кафе мен мейрамханаларда 5% бонус есептеледі (макс. 1000Б).
• Duty Free-де — 10% (макс. 2000Б).
• Айына кешбэк лимиті — 30 000Б.
• Activ/Kcell теңгерімінен картаны толтыру бойынга лимит айына — 600 000₸, операция комиссиясыз жүргізіледі.
• Карта тек виртуалды, Mastercard. Картаны ашу үшін Activ немесе Kcell нөмірі қажет.
• Шығару мен қызмет көрсетуі ақысыз.
• Кешбэк 1 сағат ішінде OGO бонустары түрінде есептеледі (кейде 4 жұмыс күніне дейін жетуі мүмкін) .
• Бонустарды қосымшадағы қызметтерді төлеу үшін пайдалануға болады (егер өз балансыңызды толтырсаңыз, кейін олармен OGO картаңызды толтыра аласыз (ал одан аударымдар бөлімі арқылы Jusan-ға комиссиясыз аударып алуға болады).
Сондай-ақ кейде бонустардың жоғарылатылған санаттары іске қосылады.
Сілтеменің жоғарғы жағынан көре аласыздар.
Кемшіліктері (оқырманымыздың және біздің жеке тәжірибемізден):
• Кейде бонустар толығымен берілмейді. Мұндай жағдайларда Activ немесе Kcell-ге Instagram-ға жазу керек.
• Көп жағдайда қосымша баяу жұмыс істейді, кейде істен шығып қалуы да мүмкін.
• Егер алты ай ішінде карта бойынша транзакциялар болмаса, айына 200₸ комиссия алына бастайды.
Картаны Activ немесе Kcell қосымшасындағы «Банк» бөлімінде ашуға болады. Бонустар алу үшін алғашқы пайдалану кезінде OGO Bonus адалдық бағдарламасын қосу керек. Бонустар арқылы коммуналдық төлемдерді, интернет пен қосымшадағы қызметтерді төлеуге болады немесе балансқа комиссиясыз аударып алуға болады (одан OGO картасына ақша түрінде аудара аласыздар).
Бонустарды негізгі бетке шығару үшін жоғарғы сол жақтағы «кіру» батырмасын басу арқылы жүйеге кіріп, содан кейін бонустар — аударымдар — бонустарды теңгерімге аудару батырмаларын басыңыз. Бонустар телефон нөміріңізге ақша түрінде түседі.
Нұсқаулықтар:
Қалай ашамыз? |
Карта арқылы қалай төлем жасауға болады? |
Картаны қалай комиссиясыз толтыруға болады? (2, 4, 6, 9, 10, 11-әдістерді қараңыз) |
Біздің картаға жасаған бейнешолуымыз |
көптеген банк карталарын ыңғайлы пайдалану бойынша нұсқаулық