◾ Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салу
(ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы) бойынша А.-ға қатысты үкім шықты.
Тағылған айыптың мәні
◾ А. ЖШС-нің сауда өкілі болып жұмыс істеп жүріп, 2023 жылдың қазан-қараша айлары аралығында еңбек шарты және толық материалдық жауапкершілік туралы келісім негізінде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру жолымен тергеумен белгісіз тұлғаларға
7 743 550 теңге сомасындағы темекі өнімдерін заңсыз өткізіп, және
427 658 теңге ақша қаражатын талан-таражға салып, аса ірі мөлшерде
жалпы сомасы 8 171 208 теңгеге залал келтірген.
◾ Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, ол дауламаған сот-бухгалтерлік сараптамасының қорытындысымен және сотталушының кінәсін мойындау айғақтарымен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымы
◾ Прокурор 5,7 млн. теңге көлеміндегі талап қоюды қанағаттандырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
◾ Сотталушы өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінді, жиналған дәлелдемелерді дауламады.
Жаза
◾ ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағының санкциясы мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді.
◾ Сот шын жүректен өкінуді, келтірілген зиянды ішінара өтеуді және асырауында жас балалардың болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.
◾ Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
◾ Сот үкімімен А., ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
◾ Азаматтық талап қою қанағаттандырылды.
◾ Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты
https://t.center/astanasottary