View in Telegram
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салу (ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы) бойынша А.-ға қатысты үкім шықты. Тағылған айыптың мәні А. ЖШС-нің сауда өкілі болып жұмыс істеп жүріп, 2023 жылдың қазан-қараша айлары аралығында еңбек шарты және толық материалдық жауапкершілік туралы келісім негізінде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру жолымен тергеумен белгісіз тұлғаларға 7 743 550 теңге сомасындағы темекі өнімдерін заңсыз өткізіп, және 427 658 теңге ақша қаражатын талан-таражға салып, аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 8 171 208 теңгеге залал келтірген. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, ол дауламаған сот-бухгалтерлік сараптамасының қорытындысымен және сотталушының кінәсін мойындау айғақтарымен дәлелденді. Тараптардың ұстанымы Прокурор 5,7 млн. теңге көлеміндегі талап қоюды қанағаттандырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкінді, жиналған дәлелдемелерді дауламады. Жаза ҚК 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағының санкциясы мүлкi тәркiленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді. Сот шын жүректен өкінуді, келтірілген зиянды ішінара өтеуді және асырауында жас балалардың болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен А., ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап қою қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты https://t.center/astanasottary
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily