View in Telegram
10 бағдарлама. 2024 жылы ипотеканы қайдан рәсімдеген тиімді? Оқырмандарымыз ұсынған ақпаратқа сүйене отырып, ең аз артық төлемі бар қолданыстағы бағдарламалардың топтамасын жинадық. • «7-20-25» (жаңа тұрғын үй) — 20% бастапқы жарнамен 25 жылға рәсімдегенде 7% мөлшерлемемен беріледі. krisha.kz сайтының мәліметі бойынша қазіргі уақыттағы ең тиімді ипотека, бірақ алу оңай емес: баспанаңыз болмауы керек, кезекке тұрып үлгеру керек және тұрғын үй кешендерін таңдау мүмкіндігі шектеулі. Кеңестер: Halyk пен ЦентрКредит Банкі сайттарында орындардың ашылғаны туралы алдын ала жазылады, ал Freedom Bank-те өз кезегіңізді күту керек. Бағдарлама жайлы толығырақ. 2029 жылға дейін қолжетімді. Жеке тәжірибе. • Отбасы банкі ұсынатын тұрғын үй несиесі (кез келген тұрғын үй). Мөлшерлемесі — 3%-дан 5%-ға дейін. Кемінде 3 жылдық мерзімі бар депозит пен онда тұрғын үй құнының кемінде 50%-ы жиналған болуы керек, бағалау көрсеткіші кемінде 16 болуы керек. Толығырақ. • Freedom Bank ұсынатын каскадты ипотека (банктің серіктес құрылысшы компанияларынан жаңа тұрғын үйлер). Несие мерзімі неғұрлым қысқа болса, артық төлем соғұрлым аз болады. Мысалы, алғашқы үш жылда мөлшерлеме 7-ден 12% дейін. Бастапқы жарна — 20-дан 50% дейін. Толығырақ. • Altyn Bank ұсынатын Оңай ипотекасы (BI Group ұсынатын жекелеген тұрғын үй кешендеріндегі жаңа баспаналар). Бастапқы жарна 20% болса, 11-13% мөлшерлемемен 15 жылға рәсімдеуге болады. Егер сізде 50% бастапқы жарна болса, сол кезеңдегі мөлшерлеме 7,5%-10% арасында болмақ. Мұнда жарты жыл күтудің қажеті жоқ, сондықтан бұл нұсқа Отбасы банк ұсынатын аралық несиеге қарағанда тиімдірек. Толығырақ (егер сілтеме ашылмаса, алдымен мына жерге тіркеліңіз). • Отбасы Банк ұсынатын аралық несие (кез келген тұрғын үй). Мөлшерлеме — 6%-дан 8,5%-ға дейін. Тұрғын үй құнының 50%-ы бар, бірақ үш жылдық депозиті жоқ жандар үшін қолайлы. Депозит ашып, соманы сонда салып, бағалау көрсеткіші 5.0-ден жоғары болғанша күту керек (шамамен жарты жыл). Сосын рәсімдей беруге болады. Минусы: депозитіңізге 3 жыл толмайынша үстемақы пәтердің толық құнынан есептеледі. Толығырақ. • «9-20-25» немесе Отау (ірі қалаларда тек жаңа тұрғын үй, басқа қалаларда — кез келген тұрғын үй). 20% бастапқы жарнамен 19 жылға дейінгі мерзімге рәсімдеу кезінде 9% мөлшерлемемен беріледі. Өтініш беруші мен оның отбасында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы керек. Сондай-ақ Отбасы банкінде кемінде 18 ай мерзімдегі 1 млн ₸ басталатын депозит болуы қажет. Өтініштер 30 сәуірге дейін қабылданады. Бағдарлама жайлы толығырақ | 7-20-25-пен салыстыру. • «Наурыз». Аталмыш ипотека бойынша мөлшерлеме — халықтың осал топтары үшін 7%, ал басқаларына 9%-ды құрайды. Отбасы банкте кез келген мерзімдегі 1 млн ₸ басталатын депозитіңіз болуы керек. Қатысушы мен оның отбасында соңғы 5 жыл ішінде ешқандай жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Өтініштер қабылдау 1 мамырдан басталады, әзірге нақты шарттары жайлы ақпарат жоқ. Бағдарлама жайлы толығырақ. • ЦентрКредит банкі ұсынатын #Ипотека (жаңа, қолданыстағы). Егер сізде баспана құнының 70% болса, 10 жылға 14% мөлшерлемемен пәтер рәсімдеуге болады. Табысты толық немесе жанама растау арқылы. • Бақытты отбасы (жаңа, қолданыстағы). 20 жылға 2% мөлшерлеме арқылы, бастапқы жарна — 10%. Азаматтардың осал санатына жататын әкімдікте кезекте тұрған жандарға арналған ипотека. Толығырақ. • Шаңырақ (жаңа пәтер). 20 жылға 5% мөлшерлеме арқылы, бастапқы жарна — 10%. Әкімдікте кезекте тұрған жандар үшін. Толығырақ. Сіздің жағдайыңызды ескере отырып, пәтерге қаражат жинау қайда: Отбасы банкінде немесе коммерциялық банкте тиімді екенін білу үшін 👉 әмбебап ипотека калькуляторын пайдаланыңыз Егер сіздер біз айтпай кеткен нұсқалар жайлы білсеңіздер, пікірлер бөліміне қалдыра кетіңіздер, біз жазбаны толықтырамыз | https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Channel