Смотреть в Telegram
Қазақ еліне +1 жеңілдікті ипотека Krisha.kz Отбасы банкіне сілтеме жасай отырып, биылғы сәуірдің соңында - мамырдың басында жаңа ипотека іске қосылатынын жазды. Әзірге нақты шарттары жоқ, бірақ қазір мынадай ақпарат белгілі: • 7% — азаматтардың әлеуметтік осал топтарына (көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен т.б.) арналған мөлшерлеме. • 9% — басқаларына арналған мөлшерлеме. • Алматы мен Астанада несиенің максималды сомасы 30 млн теңгені құрайды. Қалған аймақтарда — 18 млн. Алматы, Астана, Шымкент пен облыс орталықтары санатындағы 17 қалада тек жаңа пәтер сатып алуға болады. Басқа барлық елді мекендерде кез келген тұрғын үй алуға болады: жаңа, қолданыстағы, тіпті жеке үйлерді де. Кімдер қатыса алады: - жұмыс істейтін жастар; - жас отбасылар; - тұрғын үй төлемін алушылар; - Отбасы банк салымшылары; - моноқалалар, аудан орталықтары, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Бағдарламаға барлығы 300 млрд ₸ бөлінеді. Бірінші жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Ипотеканың қанша уақыт жалғасатыны әзірге белгісіз. Әзірге басқа ақпарат жоқ | Дереккөз: krisha.kz. https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Канал