Сауда кезіндегі 5% тұрақты кешбэк (онлайн сауда кезінде де, шетелдегі сауда кезінде де). Home Card картасы дегеніміз не? (жазба 04.04.2024 жаңартылды)
Home Credit Bank-тің тағы бір тиімді картасы бар —
Home Card (Home Card Lite-пен шатастырып алмаңыз). Белгілі бір шарттарды орындау арқылы аталмыш карта бойынша кез-келген транзакция үшін 5% кешбэк алуға болады: 1% үнемі стандартты түрде түсіп отырады, егер сауда кезінде картада кемінде 100 000₸ қалатын болса + 2% және егер банкте 500 000₸-ден басталатын депозит немесе
БДС болса +2% (3% кешбэк бірден есептелелі, ал 2% ай соңында).
Картаның басқа артықшылықтары:
• картаны шығару, қызмет көрсету мен жеткізу тегін;
• айына 4 млн ₸ дейін комиссиясыз кез келген картаға аударым жасауға болады (күніне 1 млн ₸ дейін);
• банк банкоматтарында немесе банк бөлімшелеріндегі касса арқылы күніне 1 млн ₸ дейін комиссиясыз шешіп алу (бір ай бойы күн сайын шешіп алсаңыз да болады).
• шетел валютасындағы төлем кезінде тиімді айырбастау бағамы (кешбэк шетелде де есептеледі).
• әлем бойынша банкоматтардан комиссиясыз 5 ретке дейін ақша шешуге болады (5 реттен асса, комиссия көлемі шешіп алынған соманың 2% құрайды).
Кешбэк шарттары: Айына максималды сома — бір карта үшін 15 000₸. Бір адамға 3 картаға дейін шығарып, осылайша кешбэк түрінде 45 000₸ алуға болады. Пластик және виртуалды карталар Visa төлем жүйесінде шығарылады. Кешбэк бірден қосымшада картаға ақша түрінде түседі.
Маңызды ақпарат:
• депозит үшін жоғарылатылған кешбэк (+2%) тек қаражат толық күнтізбелік ай бойы (айдың 1 жұлдызынан 30/31-не дейін) депозитте жатқан жағдайда ғана есептеледі.
• 45 000₸ кешбэк алғыңыз келсе, онда 500 000₸ бар бір депозит болса жеткілікті, бірақ сатып алу кезінде картада 100 000₸ қалу керектігін ұмытпаңыз.
• 5%-ға дейін жоғарылатылған кешбэк қосымшадағы «Төлемдер» бөліміндегі сауда кезінде есептелмейді, ол кезде тек 1% кешбэк болады.
Пайдалы сілтемелер: картаға тапсырыс беру |
қалай комиссиясыз толтыруға болады? (3,4,7,10, 11, 12 әдістерді қараңыздар) | Қосымшаға бейнешолу
сілтемеде |
көптеген банк карталарын ыңғайлы пайдалану бойынша нұсқаулық.
Аталмыш картасы бар оқырмандар болса, 🔥 қалдырып кетіңіздер