Бала туған кезде қанша төлем мен жәрдемақы алуға болады?
• Егер сіз ресми түрде жұмыс істесеңіз және жұмыс беруші сіз үшін салық төлесе, онда төлемнің 4 түріне құқығыңыз бар:
1) Бала тапқаны үшін біржолғы төлем (кем дегенде 140 296₸).
2) Жүктілік пен босануға байланысты жәрдемақы (декреттік төлем) (көптеген адамдар естіген қомақты төлем).
3) қиын босану немесе екі және одан да көп бала туған жағдайдағы қосымша төлем.
4) баланың бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы.
Бірінші тармақ бала тууына байланысты белгіленген мемлекеттік біржолғы жәрдемақы деп аталады. Бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК
(140 296₸), төртінші немесе одан көп балаға 63 АЕК
(232 596₸) есептеледі. Оны тек босанғаннан кейін алуға болады.
Екінші тармақ ресми түрде: «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем» деп аталады. Егер соңғы 12 айдағы айлық табысыңыз 595 000₸ немесе одан жоғары болса, 2 499 000₸ ала аласыз (оның 10% БЖЗҚ-ға аударылады, яғни шотыңызға 2 249 100₸ түседі). Кіріс аз болса, төлем де аз болады. Есептеу формуласы мен оны қалай алуға болатынын
сілтемеден оқуға болады
(мына сілтемеде де құжаттар тізімі бар).
Бұл төлемді босанғанға дейін жүктілік кезінде алуға болады. Оны алу үшін 126 күнтізбелік күндік стандартты мерзімге (босанғанға дейін 70 күн мен босанғаннан кейін 56 күн) берілетін еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеу қажет.
Үшінші тармақ негізінен екіншісінің жалғасы. Асқынған (қиын) босану (кесарево, вакуум және т.б.) немесе екі баладан көп босанған жағдайда босанғаннан кейінгі 56 күн демалыстың орнына 70 күн беріледі, соған сәйкес төлемақы да өседі. Бұл туралы толығырақ
сілтемеден оқыңыз.
Ал төртінші тармақ – бала бір жарым жасқа толған соң оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік жәрдемақы. Сізге қанша төленетінін қалай есептеуге болады? Соңғы 2 жылдағы жиынтық ресми кірісті 24 айға бөліңіз → 0,4-ке көбейтіңіз → міндетті зейнетақы жарналарының 10% шегеріңіз.
• Жұмыс істемейтін әйел
бала туған кезде біржолғы төлем (1-тармақ) мен
1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы (4-тармақ, бірақ басқаша есептеледі) алуға құқылы. Былай: бірінші балаға – 5,76 АЕК, екіншісіне – 6,81 АЕК, үшіншісіне – 7,85 АЕК, төртіншісі мен басқаларына – бала бір жарым жасқа толғанға дейін айына 8,9 АЕК.
Жүктілік пен босану бойынша жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті құжаттар туралы толық ақпарат egov-тағы
👉 мына мақалада.
https://t.center/tiimdiqazaqstan