Адамдардың 90% біле бермейтін декреттік төлем
Оқырманымыз 81 000₸ қосымша төлем алып, бізбен мына ақпаратпен бөлісті:
«Бұл жайлы көп айтыла бермейді, бірақ босану процессі ауыр өтсе, әйел босанғаннан кейін қосымша төлем алуға құқылы. Бұл тек кесарь тілігінен кейін ғана емес, сонымен қатар вакуумды экстрактор арқылы босану, кесу мен басқа да әдістер қолданылған кезде беріледі. Жалпы, егер бала өзі туылмаса, яғни оған кез келген әдіспен көмек көрсетілсе және ол жайлы туу туралы куәлікте жазылса, сол үшін ҚОСЫМША төлем төленеді».
Неге? — Себебі декреттік төлемнің мөлшері денсаулық жағдайына байланысты демалыстағы күндер санына да байланысты (әдетте 126 күн). Ал ауыр босанған жағдайда әйел еңбекке жарамсыздығы бойынша қосымша 14 күндік демалыс алуға құқылы.
Толығырақ сілтемеден оқи аласыздар.
Аталмыш қосымша төлемді алу үшін: емханадағы гинеколог дәрігеріне барып, денсаулық жағдайына байланысты демалыстағы күндер санын ұзарту керек → оны жұмыс берушіден куәландыру керек → оны тұрғылықты жеріңіз бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына апару керек. Төлем 10 күн ішінде жасалады.
Жалпы мен 4 жәрдемақы алдым: бала туғаны үшін 140 296 ₸ (38 АЕК), ауыр босанғаны үшін 81 000₸, декреттік төлем, сондай-ақ бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы. Бұл ақпарат сізге пайдалы бола қоймас деп үміттенемін. Толғақтарыңыз жеңіл болсын!».
https://t.center/tiimdiqazaqstan