Смотреть в Telegram
Пәтерге ақшаны қалай жинаған тиімді? (барлығына арналған әмбебап калькулятор) Сенбілік жазба авторы барлық пікірлерді оқып шығып, кестені толықтырып, пәтерге ақшаны қайда жинаған тиімді екенін жазып шықты: Отбасы банкте әлде коммерциялық банктерде ме? Енді онда келесі нұсқалар ескерілген: 1) Егер адам үй жалдап тұрса, әрі пәтерге ақша жинаса. 2) Егер адам депозитті коммерциялық банкте жинап, жыл соңында Отбасы банкіне аударса (мемлекеттік сыйақы алу үшін) 3) 2-тармақтағыдай, тек отбасылық пакет болса (туыстары үшін +1, +2 немесе +4 депозит, оларға да Отбасы банктің мемлекеттік сыйақысы түседі). 4) Коммерциялық банктер мен мемлекеттік бағдарламалардағы ипотека бойынша соңғы төлемдер. Ең кереметі, бұл әмбебап Excel-кесте, егер сіз өз деректеріңізді сары ұяшықтарға («Қорытынды (Сводная)» парағындағы) жазып, дәл өзіңіздің артық төлеміңіз қанша болатынын біле аласыз. Оны @kzFinance_bot-тан табуға болады («Ипотека калькуляторын» таңдаңыз). Онда қазір мынадай мысал келтірілген: • Мақсат – құны 25 млн ₸ тұратын пәтер • Айына 1% жинап отыру: 250 000₸ • Айлық жалдамалы пәтер бағасы: 200 000₸ • Сыйақы мөлшерлемесі: Отбасы банкте 2% + мемлекеттік сыйақы, коммерциялық банктерде: 14-11%. • Пәтер бағасы жылына 7%-ға көтеріледі • АЕК жылына 7,5%-ға өседі (бұл мемлекеттік сыйақыны есептеу үшін) Қорытынды төлемдер: • Отбасы банк (бір депозит): 48,8 млн.₸ (5.1 жыл жалдап, 8 жыл ипотекада). • Коммерциялық банктегі депозит: 47,3 млн.₸ (8 жыл жалдап, сосын пәтерді толығымен сатып алу). • Комбо (жазбаның басындағы 2-тармақ): 47,2 млн.₸ (4.7 жыл жалдап, 6 жыл ипотекада). • Комбо х2 (Комбо сияқты, бірақ екі депозит болса): 45,1 млн.₸ (4.4 жыл жалдап, 6 жыл ипотекада). • Комбо х4 (Комбо сияқты, бірақ төрт депозит болса): 42 млн.₸ (4.4 жыл жалдап, 6 жыл ипотекада). https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Канал