Пәтерге ақшаны қайда жинаған тиімді: Отбасы банкте әлде коммерциялық банктерде ме?
Біздің оқырманымыз әрі
@kzFinance_bot қаржы ботын әзірлеуші қызықты салыстыру жасаған екен. Ол жеке баспана үшін ақшаны қалай жинаған тиімді екенін есептеп көруді шешкен.
Бастапқы деректер:
• Мақсат – құны 25 млн ₸ тұратын пәтер
• Айына 1% жинап отыру: 250 000₸
• Сыйақы мөлшерлемесі: Отбасы банкте 2% + мемлекеттік сыйақы, коммерциялық банктерде: 14-11%.
• Пәтер бағасы жылына 7%-ға көтеріледі
• АЕК жылына 7,5%-ға өседі (бұл мемлекеттік сыйақыны есептеу үшін)
Қорытынды: коммерциялық депозитте сіз 8 жылдан кейін пәтердің толық құнын жинап аласыз (ол кезде бағасы шамамен 40 млн ₸ болады), әрі несиесіз сатып аласыз. Отбасы банкте 5 жылдан кейін баспана құнының жартысын жинайсыз (шамамен 32 млн ₸ болады), тұрғын үй несиесін рәсімдеп, екінші жартысын 9 жылға несие арқылы төлеу үшін бөлесіз (төлем айына 188 710₸, артық төлем 3 995 724₸).
Қорытынды: Отбасы банк арқылы пәтерді 3 жылға ерте аласыз, бірақ пәтер тек жинақ басталғаннан кейін 14 жылдан соң ғана толығымен сіздікі болады. Жалпы құны артық төлемді есепке алғанда
36 765 624₸ болады. Коммерциялық банкте жинақ мерзімі ұзағырақ болады, бірақ пәтер бірден сіздікі болады. Жалпы құны
40 144 537₸. Бірінші нұсқада қорытынды баға төменірек, бірақ 9 жыл ішінде табысыңыздың тұрақты болмауы мүмкін деген қауіп бар, яғни ипотеканы төлей алмай қалуыңыз мүмкін. Екінші нұсқада жинау уақыты ұзағырақ, әрі қорытынды баға да жоғарырақ, бірақ пәтер бізден сіздікі болады.
Қай нұсқа тиімді деп ойлайсыз?
👾 — Отбасы банк
👻 — Коммерциялық банк