Смотреть в Telegram
Үздік мультивалюталы карталарға шолу (жазба 07.12.2023 жаңартылды) • RBK (Visa): төрт валюта: ₸, $, €, ₽‎. Банк шарттары орындалған жағдайда барлығына 5% кешбэк, тіпті шетел валютасында да. Карта пластик немесе виртуалды болуы мүмкін, виртуалды картаны пайдалану тегін, пластик карта бірінші жылы тегін, кейін айына 150₸. Айырбастау бағамын ең тиімді деп айта алмаймыз, бірақ кешбэк көмегімен шығын артығымен жабылады. • OGO-Finance (Mastercard): төрт валюта: ₸, $, €, ₽‎. Барлық транзакциялар бойынша 2% бонус есептеледі, шетел валютасында да, бірақ бір транзакция үшін максимум 500 бонус. Карта тек виртуалды түрде қолжетімді, қызметі тегін. OGO карталарын Jusan Bank шығарып, қызмет көрсететіндіктен, бағамдары бірдей. Jusan-нан айырмашылығы OGO шетелдегі төлем кезінде бонус береді, сондықтан егер Kcell & Activ нөміріңіз бар болса, Jusan картасының орнына аталмыш картаны пайдалана аласыз. • Jusan (Mastercard): төрт валюта: ₸, $, €, ₽‎. Шетелдегі төлем кезінде бонус есептелмейді. Карта пластикалық немесе виртуалды болуы мүмкін, виртуалды картаны пайдалану тегін, пластик карта бірінші жылы тегін, кейін айына 200₸. • Halyk (Visa): үш валюта: ₸, $, €. Шетелдегі төлем кезінде бонус есептелмейді. Карта пластикалық немесе виртуалды болуы мүмкін, виртуалды картаны пайдалану тегін, пластик карта бірінші жылы тегін, кейін айына 150₸. Шетелге аударымдар кезіндегі тарифтері тиімді, бекітілген комиссия $2, бір транзакция бойынша шектеу $2500, күніне $5000, айына $150 000. Біз сондай-ақ карталардың тиімділігіндегі айырмашылықты анықтау үшін 2023 жылдың 19 қарашасындағы доллар бағамын салыстырып көрдік: 1. Jusan - 465.50₸ 2. Halyk - 465.55₸ 3. RBK - 459.50₸ 19 қарашадағы барлық валюта бағамдары сілтемеде. Шетелде пайдалануға арналған үздік карталар шолуы мына жазбада.
Telegram Center
Telegram Center
Канал