АТЫРАУДА “OIL CAPITAL CUP” КУБОГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Атырау облысында “Біріккен күрес Әлемі” аясында 17-20 қыркүйек күндері өтіп жатқан “Oil capital cup” Кубогі халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті.
Спорттық іс-шарада Атырау облысының прокуроры, Атырау облыстық күрес түрлері федерациясының құрметті президенті Бауыржан Жұмаханов, Республикалық федерацияның Бас хатшысы Димаш Сұлтанов құттықтау сөз сөйлеп жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Аталған халықаралық турнирге Қазақстан құрамасымен қоса 11 елдің командалары, 300 спортшы қатысуда.
Айта кетсек, халықаралық турнирдің құрметті қонақтары Париж Олимпиадасының грек-рим күресінен күміс және қола жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмудов.
🔹Бүгін Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша бапкерлерге, бапкер-оқытушыларға және төрешілерге арналған Біліктілікті арттыру курсы аясында екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов дәріс оқыды. Өз сөзінде Дәулет Болатұлы өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жаттықтырушының спортшыны қалыптастырудағы рөлі туралы айтты, сондай-ақ қатысушылармен өңірлерде күрес түрлерін дамыту және танымал ету мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, шақырылған спикер ретінде «Бейбітшілік үшін күрес» ұйымының атқарушы директоры және елшісі, атақты жаттықтырушы Дэн Рассел сөз сөйледі.
Курстың ұйымдастырушылары – Қазақстан күрес федерациясы және Республикалық дене шынықтыру және спорт бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығы (РУМАЦ). Сондай-ақ, іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 120-дан астам бапкер мен төреші қатысуда.
Бұған дейін екі күндік бағдарламасымен 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу жаттықтырушысы, 2023 жылғы USAW грек-рим күресі бойынша үздік бапкері, UWW оқытушысы Мартин Хаук және Халықаралық күрес федерациясының (UWW) сертификатталған педагогы, Олимпиада санатындағы төреші Игорь Лигай сөз сөйлеген болатын. Осы курс аясында мамандар жаңа жаттығу әдістері, күрестің өзекті ережелері және Қазақстан спортындағы антидопинг жүйесі туралы ақпарат ұсынды.
***
🔹 Сегодня в Астане в рамках Курса повышения квалификации для тренеров, тренеров- преподавателей и судей по греко-римской, вольной и женской борьбе со своей лекцией выступил двукратный призер Олимпийских игр, Заслуженный тренер Республики Казахстан Даулет Турлыханов. В своем выступлении Даулет Болатович на своем опыте рассказал о роли тренера в становлении спортсмена, а также обсудил с присутствующими вопросы развития и популяризации видов борьбы в регионах.
Также приглашенным спикером выступил исполнительный директор и посол организации «Борьба за мир», титулованный тренер Дэн Рассел.
Организаторами курса выступили Федерация борьбы Казахстана и Республиканский учебно-методический и аналитический центр по физической культуре и спорту (РУМАЦ). В мероприятии принимают участие более 120 тренеров и судей со всего Казахстана.
Ранее со своей двухдневной программой выступили тренер олимпийской квалификации 2024, лучший тренер по греко- римской подготовке USAW 2023, преподаватель UWW Мартин Хаук, а также сертифицированный педагог Международной федерации борьбы (UWW), судья олимпийской категории Игорь Лигай. В рамках данного курса специалисты представили информацию о новых методах тренировок, актуальных правилах борьбы и антидопинговой системе в казахстанском спорте.