🔹 Бүгін Астанада Сирия бойынша Астана процесінің 22-ші халықаралық кездесуі өтті. Пленарлық отырысты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев ашып, Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемесін оқып берді.
Екі күндік келіссөздер барысында тараптар Сирия айналасындағы өңірлік ахуалдың дамуын, САР-да жан-жақты реттеу бойынша күш-жігерін, Сириядағы «жергілікті» жағдайын, сенім шаралары, оның ішінде тұтқындарды босату және жоғалғандарды іздеу жұмыстарын, сондай-ақ Сириядағы гуманитарлық жағдай және қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыруды талқылады.
Пленарлық отырыс соңында кепілгер елдер, Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция делегацияларының басшылары қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясын өткізді.
@PressMFAKZ