🇰🇿🇷🇺 Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Астанада келіссөздер жүргіздіҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер өткізді.
Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлардың кестесі талқыланды.
Кездесуде РФ Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте министрлер стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту үшін жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздердің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары ҚР Сыртқы істер министрлігі мен РФ Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойды.
🇰🇿🇷🇺 Главы внешнеполитических ведомств Казахстана и России провели переговоры в АстанеЗаместитель Премьер-Министра – Министр иностранных дел Республики Казахстан Мурат Нуртлеу провёл переговоры с Министром иностранных дел Российской Федерации Сергеем Лавровым, прибывшим в Астану с рабочим визитом.
В ходе переговоров были обсуждены состояние и перспективы казахстанско-российского стратегического партнёрства, а также график предстоящих визитов на высшем и высоком уровнях.
Особое внимание было уделено вопросам подготовки предстоящего государственного визита Президента РФ Владимира Путина в Казахстан. В этой связи министры подчеркнули важность встреч и переговоров на высшем уровне для укрепления стратегического партнёрства и союзничества.
Также состоялся обмен мнениями по актуальным вопросам региональной и международной повестки, взаимодействия в рамках международных организаций и интеграционных объединений.
По итогам встречи главы внешнеполитических ведомств Казахстана и России подписали План мероприятий по сотрудничеству между Министерством иностранных дел РК и Министерством иностранных дел РФ на 2025-2026 годы.
@PressMFAKZ