⏺Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде материалдық емес мәдени мұраны қорғау мәселелерін заңнамалық қамтамасыз ету тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетовтің жетекшілігімен өткен жиынға жауапты мемлекеттік орган өкілдері, білім, ғылым және мәдениет саласы мамандары мен сарапшылар қатысты.
Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы бекіткен Мәдени саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын орындау барысында материалдық емес мәдени мұраларды мемлекеттік деңгейде қорғауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету қолға алынғанын атап өтті. Дөңгелек үстелде Мәдениет және ақпарат министрлігіне тақырып бойынша өз ұстанымдары мен ұсыныстарын білдірген өнер және мәдениет өкілдерінің пікірі тыңдалды.
Жиында депутаттар ұлттық брендті гастрономиямен ұштастыру, креативті индустрияны білім беру саласымен біріктіру, жастар арасында челлендждер ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарымызды әлеуметтік желі арқылы кеңірек насихаттау, материалдық емес мәдени мұраның ауқымын белгілеу сынды мәселелерді сөз етті.
Кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлер материалдық емес мәдени мұраны қорғау мәселесіне қатысты алдағы жұмыс барысында ескерілетін болады.
Толығырақ
parlam.kz сайтында.
https://t.center/mazhilis_kz