Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
⏺Мәжіліс Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, биыл қабылданған «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңның орындалуына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Жиынға Мәжіліс депутаты Марат Башимов төрағалық етті. Оған Мәжіліс депутаттары, жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қоғамдастығының мүшелері қатысты.
Диалог барысында жаңа заңдағы адам саудасының алдын алу, кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту, сондай-ақ құрбандарды қорғау және оларға көмек көрсету шараларыталқыланды. Жиынға қатысушылар адам саудасы құрбандарын қорғауды күшейту және барлық тараптың іс-қимылын үйлестіру мәселелеріне ерекше мән берді.
⏺Мажилис совместно с Международной организацией по миграции в Казахстане организовали «круглый стол» по вопросам исполнения принятого в этом году Закона «О противодействии торговле людьми».
Обсуждение прошло под председательством депутата Марата Башимова. В нём приняли участие мажилисмены, представители ответственных госорганов, международных организаций и экспертного сообщества.
На заседании рассмотрели, как новый закон охватил элементы права, направленные на профилактику торговли людьми, уголовное преследование виновных, а также улучшение условий защиты и помощи жертвам торговли людьми. Особое внимание было уделено вопросам усиления защиты жертв торговли людьми и согласованности действий всех сторон.
25 қараша 10:00-де Мәжілісте мұнай саласын дамыту қызметі мен перспективалары туралы Үкімет сағаты өтеді.
Баяндамашылар – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов.
Үкімет сағаты аясында сағат 09:30-да мәжіліс залының фойесінде тақырыптық көрме өтеді.
📢📢Тікелей эфирді parlam.kz сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан көре аласыздар. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер. __
25 ноября в 10:00 в Мажилисе состоится Правительственный час на тему «О текущей деятельности и перспективах развития нефтяной отрасли».
С докладом перед депутатами выступят министр энергетики Алмасадам Саткалиев и председатель правления АО «НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов.
В рамках Правительственного часа в 09:30 в холле зала заседаний откроется тематическая выставка.
📢📢Смотрите прямую трансляцию на сайте parlam.kz, YouTube-канале и странице Мажилиса в Facebook. Следите за обновлениями в наших социальных сетях.
⏺Бюро Мажилиса под председательством Ерлана Кошанова определило проект повестки предстоящего пленарного заседания.
В предстоящую среду депутаты рассмотрят в первом чтении проект Водного кодекса РК и сопутствующие ему поправки по вопросам охраны и использования водных ресурсов. Документ разработан в соответствии с поручением Главы государства в целях совершенствования водного законодательства с учетом изменения климата и политики соседних государств.
Основные положения проекта Кодекса предусматривают приоритетность охраны водных ресурсов в целях сохранения водного потенциала страны и его рационального использования. Пересмотрен механизм определения лимитов водопользования, который будет рассчитываться в пределах объема воды, оставшегося после определения экологического стока. Сопутствующим законопроектом изменения и дополнения вносятся в 5 кодексов и 9 Законов.
Кроме того, депутатам предстоит рассмотреть и принять в работу ряд законопроектов о ратификации международных соглашений.
⏺Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросының отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Депутаттар ҚР Су кодексінің жобасын және су ресурстарын қорғау мен пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда қарайды. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес климаттың өзгеруі мен көршілес мемлекеттердің саясатын ескере отырып, су заңнамасын жетілдіру мақсатымен әзірленген.
Кодекс жобасының негізгі ережелері еліміздің су әлеуетін сақтау және оны тиімді пайдалану үшін су ресурстарын қорғаудың басымдығын қамтамасыз етеді. Суды пайдалану лимиттерін анықтау тетігі қайта қаралды. Ол экологиялық ағынды суды анықтағаннан кейін қалған судың көлемі шегінде есептелетін болады. Ілеспе заң жобасында 5 кодекс пен 9 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Бұдан бөлек, депутаттар халықаралық келісімдерді ратификациялауға қатысты бірқатар заң жобаларын қарап, жұмысқа алады.
⏺В Комитете Мажилиса по социально-культурному развитию состоялся круглый стол на тему законодательного обеспечения вопросов охраны нематериального культурного наследия. В обсуждении под руководством председателя комитета Асхата Аймагамбетова приняли участие представители ответственных государственных органов, эксперты в области образования, науки и культуры.
Асхат Аймагамбетов отметил, что во исполнение утвержденной Главой государства Концепции культурной политики до 2029 года начато законодательное обеспечение охраны нематериального культурного наследия на государственном уровне. В ходе «круглого стола» деятели искусства и культуры представили свои позиции и предложения по данной теме Министерству культуры и информации.
Депутаты обсудили такие вопросы, как пути формирования национального бренда, объединение креативной индустрии с образовательной, организация культурных челленджей среди молодежи, популяризация национальных ценностей через социальные сети, определение масштабов нематериального культурного наследия.
Предложения и мнения, высказанные на заседании «круглого стола», будут учтены в ходе дальнейшей работы по вопросам охраны нематериального культурного наследия.
⏺Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде материалдық емес мәдени мұраны қорғау мәселелерін заңнамалық қамтамасыз ету тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетовтің жетекшілігімен өткен жиынға жауапты мемлекеттік орган өкілдері, білім, ғылым және мәдениет саласы мамандары мен сарапшылар қатысты.
Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы бекіткен Мәдени саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын орындау барысында материалдық емес мәдени мұраларды мемлекеттік деңгейде қорғауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету қолға алынғанын атап өтті. Дөңгелек үстелде Мәдениет және ақпарат министрлігіне тақырып бойынша өз ұстанымдары мен ұсыныстарын білдірген өнер және мәдениет өкілдерінің пікірі тыңдалды.
Жиында депутаттар ұлттық брендті гастрономиямен ұштастыру, креативті индустрияны білім беру саласымен біріктіру, жастар арасында челлендждер ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарымызды әлеуметтік желі арқылы кеңірек насихаттау, материалдық емес мәдени мұраның ауқымын белгілеу сынды мәселелерді сөз етті.
Кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлер материалдық емес мәдени мұраны қорғау мәселесіне қатысты алдағы жұмыс барысында ескерілетін болады.