View in Telegram
Жоғарғы Сот еңбек даулары мен мұрагерлік жөніндегі құқық қолдануды түсіндірді ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. ◾️ Оның жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Бас прокуратураның, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің және адвокаттар алқасының өкілдері қатысты. ◾️ Еңбек дауларын шешу туралы нормативтік қаулылардың (НҚ) жобалары, азаматтық және азаматтық-процестік заңнамасы бойынша НҚ жобаларына өзгерістер, соның ішінде мемлекеттік тілдегі НҚ жобаларына өзгерістер талқыланды. ◾️ Жоғарғы Соттың судьясы Тыныштық Молдахметова еңбек дауларын шешудің сотқа дейінгі тәртібін, еңбек шартын жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін, еңбек жағдайларын өзгертуді, келісім комиссиясының рөлі мен өкілеттіктерін кеңейтуді түсіндірді. ◾️ Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға қызметкердің ауысымаралық демалыс кезінде мас күйінде болуын анықтау негіз бола алмайтыны атап өтілді. Басқа да құқық қолдану мәселелері түсіндірілді. ◾️ Жоғарғы Соттың судьясы Ғалымжан Мырзакенің айтуынша, 11 НҚ-ға, АК-ке және АПК-ке сот қызметінің жалпы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді, заңға енгізілген өзгерістерге қатысты кейбір терминдер бір жүйеге келтірілді, талап қоюдың мазмұнына қойылатын талаптар нақтылануда, талап қоюға енгізілетін дәлелдемелер егжей-тегжейлі қарастырылуда, ЖШС жарғылық капиталының мөлшерін анықтау тәртібін нақтылауда, акционерлердің жалпы жиналысын шақыру және өткізу тәртібі, т.б. түсіндірілуде. ◾️ Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов өз сөзінде азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау үшін құқықтық құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы әзірлеудің, олардың жеңіл әрі қолайлы болуының маңыздылығына тоқталды. ◾️ Баяндамашы НҚ-ның нақтылаулары сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ететінін атап өтті. ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пікір алмасудағы конструктивизмді атап өтіп, НҚ жобаларының өзектілігіне тоқталды. ◾️ Талқылау нәтижесінде жалпы отырысқа қатысушылар нормативтік қаулыларды қабылдау үшін дауыс берді, олар Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Заңнама» бөлімінде орналастырылған. ◾️ НҚ ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми түрде жарияланады.
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily