View in Telegram
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соты жалпы білім беретін мектептің оқу сабақтары барысында орамал тағуға тыйым салатын бөлігіндегі ішкі тәртіп ережелеріне байланысты істі қарады. Талап қоюшы бұл талап баланың құқығына нұқсан келтіреді деп санайды. Министрдің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығында бас киім киюге тыйым салынбаған деп көрсетті. Атап айтқанда, кәмелетке толмағанның әкесі «мектеп формасын киген кезде діни сипаттағы киім мен нышандарды киюге жол берілмейді» деп көзделген Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінді. Талап қоюшы «шаш пен мойынды жабатын бас орамалын» діни сипаттағы киімге жатқызумен келіспеген. Сот тараптардың дәлелдерін зерттеп, келесі қорытындыға келді: «Білім туралы» Заң мен мектептің Жарғысы мектеп формасы барлық оқушылар үшін діни немесе басқа да ерекше белгілерсіз біртұтас болуы керек деп ұйғарады. Бұл оқушылар арасындағы теңдікті, бейтараптықты және үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Әр түрлі конфессиялардың элементтерін мектеп формасына енгізуге жол берілмейді. Бірыңғай форма ұйымдасқан және тәртіпті оқу ортасын құруға ықпал ететін маңызды элемент болып табылады. Ата-аналар білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді. Сот білім беру мекемелерінің белгіленген талаптарын сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Сот Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасын заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты. Шешім заңды күшіне енген жоқ. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты https://t.center/astanasottary
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily