View in Telegram
АСТАНА СОТТАРЫ
Photo
Бірінші сатыдағы соттың шешімімен А.-ның материалдық залалды өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерден қылмыстық іс барысында келтірілген шығыстар 6 877 672 теңге және 10 млн. теңге сомасында моральдық зиянның өтемақысы өндірілді. Осы шешімге талапкер апелляциялық шағым беріп, онда моральдық зиянды өтеу сомасын 1 млрд. 500 млн. теңгеге дейін ұлғайту туралы мәселе қойған. Іс материалдарынан жауапкер заңды күшіне енген айыптау үкімімен талапкердің әпкесін өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Марқұмның ағасы қайғылы оқиға салдарынан болған моральдық азап, денсаулығының нашарлауы және жұмыс қабілетінің жоғалуы туралы мәлімдеді. Марқұмның ата-анасы талапкердің пайдасы үшін өндіріп алудан бас тартты. Бірінші сатыдағы сот жақын туысының қайтыс болуы, әрине, талапкердің моральдық жағдайына теріс әсер еткенін және оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын атап өтті және талап қоюды парасаттылық пен әділеттілік қағидаттарына сүйене отырып ішінара қанағаттандырды. Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді. https://t.center/astanasottary
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily