🇰🇿🇷🇺 ҚазҰУ-дің Омбыдан филиалы ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалын ресми түрде ашу рәсіміне бейнебайланыс арқылы қатысты.
Ресейде тұңғыш рет ашылған қазақстандық жоғары оқу орнының филиалына талапкерлерді қабылдау 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Қазақстан мен Ресей үкіметтері студенттерді оқыту үшін арнайы 200 грант бөлді. Болашақта қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылмақ.
Филиалдағы оқу үдерісін ұлттық университеттің оқытушы-профессор құрамы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді.
Студенттер Шоқан Уәлиханов атындағы кеден ісі, Абай атындағы қазақ тілі және Нәзір Төреқұлов атындағы халықаралық құқық кабинеттерінде дәріс тыңдайды.
👉 Бізге жазыл | zakon.kz