View in Telegram
‼️ Енді есірткі қылмысына қатысы дәлелденген лауазымды тұлға өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желіде жазды. «Мәжілісте есірткі өндірушілеріне жазаны күшейтуге бағытталған маңызды заң жобасы талқылануда. Жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатайту ұсынылды. Бұл – әділетті шешім. Депутаттар осы норманы қолдап дауыс берді. Алайда, бұдан да күрделі мәселе бар. Қылмыспен күресуі тиіс азаматтардың өздері есірткі бизнесіне араласқан кезде не болады? Біз құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен өздерінің лауазымын, қызметтік мүмкіндіктерін және ақпаратқа қолжетімділікті пайдаланып, есірткі айналымына қатысқан өзге де лауазымды тұлғаларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу туралы ұсыныс жасадық», – деді ол. 👉 Бізге жазыл | zakon.kz
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Love Center - Dating, Friends & Matches, NY, LA, Dubai, Global
Find friends or serious relationships easily