Қайдан қолма-қол несие алу тиімдірек? (жазба 29.09.2023 жаңартылды)
Мысал ретінде сақтандырусыз, тең төлемдермен өтеуге болатын 12 айға бөліп төленетін 500 000₸ қарастырайық.
Біздің рейтингте бірінші орында Алтын банк (Altyn-i) қосымшасындағы қолма-қол ақшалай несие. Аталмыш несие бойынша ай сайынғы төлем 47 038₸, ал жалпы артық төлем 64 500₸ құрайды. Бұл банкте артық төлем басқалармен салыстырғанда ең төмен мөлшерде, бірақ талаптары қатал, яғни несие бәріне бірдей берілмейді. Егер сіз 3 млн жоғары соманы ұзақ мерзімге алсаңыз, онда сақтандырумен төлемнің аннуитеттік түрін таңдаған дұрыс. Артықшылығы — өтінім мен мақұлдау толығымен онлайн режимде өтеді. Ары қарай қаражатты Кaspi-ге 100₸ комиссия төлеп, аударуға болады.
Маңызды ақпарат: несие жеке кәсіпкерлерге берілмейді.
Үстемесі ең төмен екінші банк - РБК (Мy RBK қосымшасында). Сақтандырусыз несиені таңдау кезінде ай сайынғы төлем 48 700₸, ал барлық төлем кезеңі үшін үстеме 84 923₸.
Жоғарыдағы әдістер несие алудың ең тиімді жолдары. Бірақ сіз жалақыны Jusan, Halyk, БЦК сияқты басқа да банктерден алатын болсаңыз, әдетте аталмыш банктер жалақы жобасының қатысушылары үшін несие бойынша неғұрлым ұтымды шарттарды ұсынады (мақұлдау мүмкіндігінің жоғары болуы немесе аз мөлшерлеме). Сондықтан, өз банкіңізге де жүгіне аласыз.
Енді Kaspi-мен салыстырып көрейік: 12 айға 500 000 теңге алған жағдайда - ай сайынғы төлем 52 789 теңгені және жалпы артық төлем 134 мың теңгені құрайды. Яғни, жоғарыда аталған нұсқаларға қарағанда айтарлықтай көп. Алайда онда өтінімдерді мақұлдау деңгейі жоғары болғандықтан, Kaspi-дегі несие тиімсіз деп айта алмаймыз.
Жоғарыда аталған сандар алын-ала есептеулер негізінде көрсетілген айта кеткен дұрыс. Сіздердің есептеулеріңіз мысалдағыдан сәл өзгеше болуы мүмкін, бірақ жалпылай алғанда біздің оқырмандарымыздың тәжірибесіне сәйкес, дәл осы үш банкте несие бойынша нақты артық төлем басқа банктерге қарағанда айтарлықтай төмен.
Сонымен қатар оқырмандарымыз
«Шинхан банк» тиімді шарттармен кепілдік несие береді деп зжазған болатын.
Береке банкке де өтініш беріп көрсеңіздер болады. Бұрын Сбер болған кезде оларда да қолма-қол несие бойынша үстеме төмен болатын. Қазір Береке банк те осы стратегияны ұстанады деген ақпарат естідік.
https://t.center/tiimdiqazaqstan