Балаға банк картасын ашу керек пе? (жазба 04.04.2024 жаңартылды)
Балаға арналған карталар – оларға қаржылық сауаттылықты және ақшаға жауапкершілікпен қарауды үйретудің таптырмас құралы. Бала дүкенде, дәмханада, кинотеатрда өз қажеттіліктері үшін өзі төлеп, кешбэк ала алады, көлік картасын, ұялы телефон бірлігін толтырып, интернетте сауда жасай алады.
Ата-аналарға да арналған көптеген пайдалы тұстары бар: сатып алуға шектеу қоюға, қосымша арқылы балаңыздың шығынын бақылап отыруға болады, оның үстіне баланың картасын толтыру әлдеқайда ыңғайлы. Оқырманымыздан лайфхак: балаңыз картаны жоғалтып алмас үшін картаны оның смартфонындағы Apple, Samsung немесе Google Pay қызметтерімен байланыстырсаңыз болады. Ал егер бала физикалық картаны пайдаланса, онда оның екі жағын да суретке түсіріп, CVV кодын өшіріп тастаңыз. Сонда балаңыз картасын жоғалтып алған жағдайда, сіз оны бұғаттағанға дейін ақша алып үлгермейді.
Қазіргі таңда ата-анасы банк тұтынушысы болған жағдайда балалар картасын шығару қызметі 6 банкте қолжетімді:
RBK,
Банк ЦентрКредит,
Halyk Bank,
Forte Bank,
Kaspi,
Altyn-i,
Jusan.
Олардың негізгі артықшылықтары төменде:
•
RBK Mini: кешбэк санаттары тиімді (тұрақты түрде): кинотеатр, фастфуд, аттракциондар паркі, цирк, ойыншықтар, ойындар және т.б. 7% кешбэк, такси мен лимузиндерге — 10%. Такси мен лимузин қызметтерінен басқа сүйікті санаттар үшін Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay арқылы байланыссыз төлем кезінде қосымша +3% кешбэк. Кешбэк айдың соңғы жұмыс күні картаға түседі.
•
БЦК Junior Bank: ай сайын ауысып тұратын тиімді кешбэк санаттары бар (жекеленген). Басқа банктерге 10 000₸ дейінгі аударымдар комиссиясыз жүзеге асады, банк банкоматтарында 1 млн-ға дейін, ал басқа банкоматтарда 10 000₸ дейінгі қаражатты тегін шығарып алуға болады. Картаны клиент қалауы бойынша 3 ретке дейін тегін қайта шығаруға болады.
•
Halyk Easy: Halyk QR бойынша 1% жоғарылатылған бонустар. Банк банкоматтарында 20 000₸ тегін шешіп алуға болады. Кешбэк бойынша лимиті жоғары — 30 000Б.
•
Forte: ай сайынғы санаттар бойынша 15% дейінгі кешбэк. Тегін аударымдар мен кез-келген банкоматтан 30 000₸ дейін ақша шығарып алу. Тегін жеткізу.
•
Kaspi Gold: бала үшін ыңғайлы тұсы — банктің басқа тұтынушыларымен байланыс жасау. Тегін шығару мен қызмет көрсету. Кез-келген банкоматтан айына 10 000₸ дейін ақшаны комиссиясыз шығарып алу. QR арқылы төлем жасау (егер баланың смартфонында байланыссыз төлем қызметі болмаған жағдайда ыңғайлы).
•
Altyn-i: кинотеатрлар мен ойын-сауық орталықтарына тұрақты кешбэк — 20%; фастфуд — 10%.
•
Jusan: 15%-ға дейінгі кешбэк, кез келген банкоматтан 200 000₸ дейін тегін шешіп алу, бір транзакция үшін кешбэк лимиті 10 000Б, айына 25 000 дейін.
Кестеде аталмыш карталар бойынша негізгі шарттар көрсетілген.
https://t.center/tiimdiqazaqstan