View in Telegram
Түпнұсқа New Balance тауарлары 30-50$-ға. Қайдан және қалай сатып алуға болады? Соңғы жазбалардың бірінде біз бұл бренд туралы айтқан болатынбыз, бірақ ондағы тауар ассортименті аса үлкен болған жоқ. New Balance брендінің ресми дүкендері мен сайтынан бөлек аутлет-бутиктері де бар. Солардың бірі – https://www.joesnewbalanceoutlet.com сайты, бүгін осы сайт жайлы сөз қозғайтын боламыз. Аутлет дегеніміз не? Бұл киім, аяқ киім мен аксессуар брендтері өз тауарларын үлкен жеңілдіктермен сататын дүкен. Барлық заттар жаңа, киілмеген, арнайы киім ауыстыру бөлмелері бар. Бір ғана айырмашылығы — аутлеттер ассортименті өткен маусым коллекцияларынан құралады. Сондықтан, аутлеттердегі бағалар ресми дүкеннен әлдеқайда төмен болғанына қарамастан, ассортимент өте жақсы (біз жоғарыда атап өткен сайт). Сайттан 70%-ға дейінгі жеңілдіктерді табуға болады (Final Sale бөлімі), осылайша бүкіл отбасына арналған киім немесе аяқ киімдерді таба аласыз. Ал американдық мереке күндері жеңілдіктер 90%-ға дейін жетеді (мерекелер кестесі). Ең тиімді ұсыныстарды табу үшін «Price Low to High» фильтрін қойыңыз. Тағы бір айта кететіні, дәл осы аутлеттен жаңа коллекция тауарларын тиімді жеңілдіктермен табуға болады. Кез келген қазақстандық мультивалюталы картамен төлем жасауға болады. Қазақстанға жеткізу форвардер компаниялар арқылы жүзеге асырылады (нұсқаулық). Мысалы, біз өткен жолы жазған DinDon арқылы (+ қазір оларда iPhone мен басқа да жүлделердің ұтысы жүріп жатыр). Жеткізу құны тапсырыс салмағымен есептеледі, бір жұп аяқ киім үшін шамамен 6000₸. Жазба үшін ақпаратпен бөліскен байер Анияға алғыс айтамыз👏 Егер сіз өз бетіңізше тапсырыс беруге қорықсаңыз, Ания арқылы тапсырыс берсеңіздер болады. Сілтеме 🙏 https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Channel