View in Telegram
Forte Blue және Black карталарына шолу (жазба 04.04.2024 жаңартылды) Артықшылықтары: • Басқа банктердің карталарына айына 500 мың ₸ дейін комиссиясыз аударымдар. • Айына 500 мың ₸ дейін комиссиясыз шешіп алу. • Forte Black бойынша несие лимиті — 90 күнге дейінгі жеңілдік мерзімімен 3 млн ₸ дейін (біздің ойымызша бөліп төлеу үшін ең тиімді карталардың бірі). • Forte Blue картасын теңгеде немесе долларда шығаруға болады. • Бірінші жылы қызмет көрсетуі ақысыз, кейін — жылына 2000₸. Немесе осы карталар бойынша жалақы алатындар үшін тегін. Айырмашылықтары қандай? Несие лимиті бар ForteBlack картасы — VISA. ForteBlue — Mastercard, дебеттік карта. Әр карта туралы толығырақ 👉 сілтемеден оқи аласыздар. Кешбэк шарттары: ай сайын ұсынылған жоғарылатылған бонус санаттарының екеуін таңдау керек. ForteBlack және ForteBlue карталары бойынша бонустардың максималды шегі айына 30 000Б, күніне 10 000Б. Бонустар төлем жасалғаннан кейін 7 күн ішінде есептеледі. Бонустарды төлемдер бөлімінде немесе «Сатып алу кезінде бонустарды жұмсау» опциясын қосу арқылы жұмсауға болады, пайдалануға болатын минималды сома — 100Б. Жиналған бонустар жойылмайды. Карталардың виртуалды нұсқасын банк қосымшасында ашуға болады, ал пластик нұсқасын тегін жеткізу арқылы тапсырыс беруге болады. Сілтемелер: картаны қалай комиссиясыз толтыруға болады? (4,10,11 әдістерді қараңыздар) | Қосымшаға бейнешолу сілтемеде | көптеген банк карталарын ыңғайлы пайдалану бойынша нұсқаулық.
Telegram Center
Telegram Center
Channel