Шетелге саяхат. Жұмсаған ақшаңыздың бір бөлігін қалай қайтарып алуға болады?
Көптеген елдерде тауар үшін салынған салықты (НДС) қайтарып алуға болатын Tax Free жүйесі бар. Салық пайызы әр елде әртүрлі
(әдетте 5-20% шамасында).
Бұл қалай жұмыс істейді?
1) Сіз Tax Free жүйесіндегі дүкендерден тауар сатып аласыз:
тұрмыстық техника, киім, аяқ киім, аксессуарлар және т.б.
2) Сатушы сіздің деректеріңізді арнайы бланкке жазады немесе форманы электронды түрде толтырады
3) Ұшу алдында сіз ақшаңызды әуежайдағы арнайы пункттерден қолма-қол ала аласыз немесе картаға аударуға болады.
Tax Free жүйесіндегі дүкендерді қалай табуға болады?
• Дүкен сөресінде, кіреберіс есікте немесе кассада арнайы жапсырма бар-жоғын тексеріңіз
• Сатушыдан Tax free тіркеу мүмкіндігі жайлы сұраңыз
• Ақпаратты Google-дан іздеп көріңіз. Мысалы, Дубай Tax free деп жазыңыз
Нені білу маңызды (оқырмандар кеңесі)?
• Дүкендерде сауда жасаған кезде Tax free-ді төлқұжат арқылы тіркейді, сол себепті оны әрқашан өзіңізбен бірге алып жүріңіз
• Азық-түлік пен сусындарды қоспағанда, ҚҚС (қосымша құн салығы) қосылған заттардың көпшілігі үшін ақшаны қайтаруға болады.
• Тауар ашылмаған болуы керек.
• Tax free сауданың белгілі бір сомасынан бастап қолжетімді (әр елде әртүрлі, Google-дан ізде керек).
• Көптеген әуежайлардағы Tax free пункттері транзиттік аймақта орналасқан. Сондықтан сатып алынған тауарды қол жүгімен алған дұрыс (кейде бланк пен чекпен бірге тауарды да көрсетуді сұрайды. Ал онсыз ақша қайтарылмайды).
• Егер пункт тіркеу кассасының алдында орналасса, тауарды алуға оңай болу үшін сөмкенің бетіне қойған дұрыс.
• Ақшаны картаға аударған тиімдірек, себебі бұл жағдайда комиссия алынбайды.
• Кейбір жағдайларда Tax Free қызметі тікелей дүкенде немесе қаладағы арнайы пункттерде қолжетімді.
Толық ақпаратты 👉 мына мақаладан таба аласыз. Сондай-ақ
кейбір елдерде Global Blue-ден бөлек басқа Tax Free бар. Толығырақ
👉 сілтемеде.
Егер сіздің аталмыш сұрақ бойынша тәжірибеңіз болса, комментарий бөлімінде пікір қалдыра кетсеңіз
🙌🏻
https://t.center/tiimdiqazaqstan