Тойға 300 000₸ табамын деп, 10 жылға түрмеге кеткен
Түркістан облысында 55 жасар әйел жиенінің үйлену тойына 300 000₸ жинаймын деп есірткі курьері болып жұмысқа орналасқан. Бірден ұсталып, 10 жыл бас бостандығынан айырылған.
Ринат Балғабаев адамдардың әсіресе жастардың тәжірибе мен арнайы дағдыларды талап етпейтін «жоғары жалақылы» жұмыстарға қалай тап болатыны жайлы
деректі фильм түсірді. Шындығында, есірткі тасымалдаушысы болуға тура келеді. Ал адамдардың көбі мұндай «жұмыс» үшін үлкен мерзімге — 10 жылдан 20 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін екенін түсіне бермейді.
Фильмге сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=iIcljltee0E.