View in Telegram
Zara, Massimo Dutti, Mango мен басқа да брендтерді қалай қолжетімді бағада сатып алуға болады? Жауабы — көптеген байерлар секілді Португалиядан тікелей тапсырыс беру. Біз Azora қызметінен тапсырыс беру бойынша нұсқаулық жасап шықтық. Неге бұл әдіспен тапсырыс жасайды? • Бірдей тауарлардың бағасы біздегіге қарағанда тқмен • Тауарлар мен брендтердің кең таңдауы бар, бізге жоқтарын қоса алғанда • Жеткізудің бекітілген құны — EMS-Қазпошта арқылы курьерлік жеткізумен есікке дейін әкеліп беру беру кез келген салмақтағы тапсырыс үшін 9,99€. • Таныстарыңызбен бірігіп тапсырыс беру арқылы жеткізу құнын өзара бөліп, үнемді тапсырыс беруге болады. Мысалы: Zara пальтосының қазақстандық сайттағы құны — 64 990₸, ал португалдық нұсқада — 89,95€(~47 800₸). Қызмет жұмысының тәртібі мынадай: брендтің Португалиядағы (немесе Еуропадағы, бірақ Португалияға жеткізілетін) сайтынан тауарды таңдайсыз → рәсімдеп, сайттағы нысанды толтыра отырып, тапсырысты Azora қоймасына дейін жеткізу құнын төлейсіз → Azora қоймасынан сізге дейін жеткізуді рәсімдеп, құнын төлейсіз. Нұсқаулықты 👉 сілтемеден оқи аласыз. Оқырмандарымыз түрлі елдерден жеткізетін мынадай қызметтерді ұсынды: Obri — Португалия, QazPost Keruen — Германия мен АҚШ, QP Express — Корея мен Еуропа.
Telegram Center
Telegram Center
Channel