View in Telegram
Pinduoduo бойынша тегін курс 2.0 🔥 Нұсқаулығымыздың өткен жылғы нұсқасын толықтырып, оны одан да тереңдете, түсініктірек ете түсу үшін біз аталмыш маркетплейстен өзіміз тапсырыс беріп көрдік. Енді онда барлық процесс басынан аяғына дейін көрсетілген, әрі қосымшаның жаңартылған нұсқасында. Біз сондай-ақ қосымша беттерін аударудың үш бірдей әдісін жазып шықтық. Негізі ол жерден тапсырыс беру өте оңай. Онда біздің нөмірлер арқылы тіркелуге, қазақстандық карталар арқылы төлеуге, тіпті қосымшаның өзінде бірден үш КАРГО компания арқылы Қазақстанға тікелей жеткізуді таңдауға болады. Сондықтан біздің әдістемелік құралымыз мүмкіндігінше қарапайым әрі тапсырысты кез келген адам жасай алады. Мазмұны: 1) Тіркелу 2) Банк картасын қосу 3) Қосымшаны қалай аударуға болады? 4) Іздеу жүйесін қалай пайдалану керек және қажетті тауарды қалай табуға болады? 5) Тауар, сатушыны картасын қалай дұрыс оқу керек және неге назар аудару керек? 6) Мекенжайды қосу 7) Бірінші тапсырысты рәсімдеу 8) Тауарды қалай бақылауға болады? 9) Маңызды кеңестер 10) Пайдалы сілтемелер Оны 👉 сілтеме арқылы оқи аласыздар (30 мин). Өтініш: қазақстандықтар ендігіде курстарға артық ақша төлемеуі үшін біздің Инстадағы 👉 мына видеоны жақындарыңызға немесе бірден сторисқа жіберіңіздер («Бөлісу» батырмасы арқылы). Бұл атқарылған жұмыс үшін білдірген ең үлкен алғыстарыңыз болар еді. Рақмет 💙 https://t.center/tiimdiqazaqstan
Telegram Center
Telegram Center
Channel